ҚОШ КЕЛДІҢ, ҚОЯН ЖЫЛЫ!
ЖЫЛ КЕЛЕДІ
Жаңа арман,
болашаққа жалғасып,
Жыл келеді
жыл артынан алмасып.
Ой – хой уақыт!
диірменнің тасындай,
Айналуда
тынбай зырлап нық басып.
Уақыт – сағат
үніменен тілдесіп,
Уақыт – керуен
көшіне бір ілесіп.
Қабағына
қарап өмір кешемін,
Жаңа күнге
қадам басып, бірге өсіп.
Жылдың басын
қарсы аларда әр адам,
Жаңа өмірге
басарында бір қадам.
Есіне алып
өткен күнге ой шолар,
Тек жақсылық
күтіп үміт күн алдан.
Кейбір сәтке
жүрегімде нұр тасып,
Кейбір сәтке
көңілімді мұң басып.
Мен де бүгін
жылдарыма қараймын,
Қайта оралмас
бара жатқан қыр асып.
Бақыт ИСАЕВА,
ҚР Мәдениет қайраткері,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,
Шу ауданының
Құрметті азаматы.
***
Берекелі жыл болсын,
Қоңыр қоян жылымыз.
Қуатты болып деніңіз,
Аман-есен жүріңіз.
Берекелі жыл болсын,
Ынтымағы жарасқан.
Шуақты болсын күніміз,
Ашық болсын көк аспан.
Берекелі жыл болсын,
Халықты сүйген Билігі.
Отан үшін, ел үшін,
Атқарсын істер игілі.
Берекелі жыл болсын,
Өркендеп, өссін еліміз.
Әлемшарда жәннатқа,
Айналсын туған жеріміз!
Тоқтасын қажы,
Жиенбет ауылы.