Ақпараттық портал

Мемлекеттік тілді меңгеруге шақырады

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға, мекемелер, кәсіпорындар мен ересек тұрғындарға мемлекеттік тілді жаңа оқыту технологиясы негізінде оқыту курстарын ақысыз жүргізеді.
Өңірде тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында орыс және ағылшын тілдерінен, сонымен қатар латын негізді жаңа қазақ әліпбиін үйрету бойынша курстар ұйымдастырылуда.
Орталық оқыту базасымен, заманауи техникалық құралдармен жабдықталған және жоғары білімді сертификатталған мамандар әдістемелік құралдар әзірлеп, сапалы қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Сарысу, Талас, Т.Рысқұлов, Шу ауданында Тілдерді оқыту орталығының бөлімшелері жұмыс істейді және Қордай, Мойынқұм аудандарында штаттан тыс қызметкерлер оқу курстарын жүргізеді.
Мемлекеттік тілді кәсіби мамандардан тегін үйренгіңіз келсе, Тілдерді оқыту орталығына келіңіз!
Біз сіздерді: Тараз қаласы, Төле би даңғылы 35 үй, 6-қабатта күтеміз. Байланыс телефондарымыз: 43-88-71, 43-88-72,43-88-73.

Leave A Reply

Your email address will not be published.