иммундау апталығы өтеді
өлім-жітім мен жұмысқа жарамсыздығын болдырмаудың емдеу құнына қатысты экономикалық тиімділігі жоғары шара деуге болады. Бүгінде иммундаудың еш баламасы жоқ. Иммундау аптасының мақсаты – барлық жастағы адамдарды аурулардан қорғауға жәрдемдесу, адам өмірінің барлық кезеңдерінде вакцинациялаудың пайдасы жөнінде халықты және медицина қауымын, оның ішінде денсаулық сақтау қызметкерлерін вакцинациялаудың маңыздылығы туралы хабардар ету. Иммундау апталығы аясында Шу ауданы тұрғындары арасындағы сырқаттанушылыққа әсерін тигізетін екпе салдырмаған, вакцинадан бас тартушыларға және тіркеусіз, тұрақты мекенсіз өмір сүретін халықтың қиын топтарына ерекше назар аударылады. Иммундау аптасы Шу ауданында тұратын халықтың барлық топтарының назарын иммундаудың маңызына аударуға көмегін тигізеді. Айта кетейік, 2005 жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа аймағында, 2006 жылдан бері Қазақстан Республикасында иммундау аптасы өткізіледі. Дүниежүзілік иммундау апталығы біздің елімізде де кеңінен аталып өтіледі. Өз кезегінде иммундау миллиондаған өмірді құтқарады және мамандардың көпшілігімен ең тиімді алдын алу шараларының бірі ретінде мойындалған.
Иммундау – ол денсаулық сақтау саласындағы осы заманның ең үлкен жетістігі, бірақ біз халық арасында жұқпалардың таралуын тоқтатып отырған иммундаумен қамтуды жоғары деңгейде ұстамасақ, көптеген жағымсыз жағдайларға соқтыруы мүмкін. Ол алдын алуға мүмкіндік болған аурулардың, өлім, қайғылы жағдайлардың пайда болуы және экономикалық шығындар.
Иммундауға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған, Қазақстан Республикасында тіркелген вакциналар қолданылады. Иммундау жұмыстары екпе алатын адамның денсаулығының дәрігерлік бағалауына негізделе оқытылған медициналық қызметкерлерімен арнайы жабдықталған кабинеттерде жүргізіледі.
Иммундау апталығы кезінде тіркелу орнына қарамастан, Алматы облысы азаматтарына аумақтық емдеу-профилактикалық мекемелеріне (емханалар, дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік пункттерге) барып Ұлттық күнтізбеге сәйкес егулерін алуға болады. Бүгінгі күні тұрғындарға жоспарлы екпелерді алуға барлық мүмкіндік бар және тегін жүргізіледі.
Егілу – ол жұқпалардан өзіңді және баланы сақтап қалу. Сондықтан сырқаттануды емдегеннен гөрі, дер кезінде егіліп, алдын алу анағұрлым жеңілірек екенін естен шығармауымыз қажет.
С.Бекболатова,
Шу аудандық санитарлық –эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары.