Ақпараттық портал

Қандас мәртебесін қалай алуға болады?

«Қандас мертебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі қолжетімді Қазақстан Республикасының аумағында бұрын тұрған және қайта келген этникалық қазақтар eGov.kz порталында қандас мертебесін алуға немесе оны ұзартуға өтінім бере алады. Пайдаланушы өзіне, сондай-ақ отбасының барлық мүшелеріне аталған қызметке онлайн тапсырыс бере алады. Қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Басты талап – ЖСН және ЭЦК болуы.
eGov.kz порталында өтінім беру үшін:
• «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» қызмет түрін таңдау;
• барлық міндетті жолдарды толтырып, қажетті кұжаттарды тіркеу;
• қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен өтінімге қол қою керек.
Сондай-ақ, өтінім берген кезде пайдаланушы мәртебесін беру немесе ұзарту қажет отбасы мүшелері бойынша мәліметтерді толтыра алады. Өтінім беруге отбасы мүшелерінің санына шектеу жоқ. Қазақстан Республикасы аумағына өз бетімен келген этникалық қазақтар қандас мәртебесін алу үшін өтінішті мемлекеттік корпорацияға бере алады.
Өтініш беруші мынадай құжаттарды беруге тиіс:
– өтініш;
– өмірбаян (еркін нысанда);
– өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен (туу туралы куәлік, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе этникалық қазақтардың шыққан елдерінің арнайы органдарының басқа да ресми құжаттары).
Аудандық ХҚКО.

Leave A Reply

Your email address will not be published.