Ақпараттық портал

Цифрландырудағы серпіліс

жинақталған деректер мен құнды материалдар архивте сақталып қана қоймай, толықтай цифрланып, қалың жұртшылық назарына ұсынылатын болады. Яғни, Цифрлы Қазақстан бағдарламасымен тығыз байланыс орнатуы тиіс «Архив-2025» бағдарламасының атқарар жұмысы зор.
Еліміздің болашағы жастарды қазіргі заман талабына сай, парасатты, білімді азамат ретінде қалыптастыру үшін архивтің маңызы ерекше. Қазіргі таңда Шу ауданының мемлекеттік архивында маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени және латын әліпбиінде жүргізілген құжаттар сақтауда тұр. Атап айтқанда, бүгінгі таңда 425 қорда 127124 сақтау бірлік мемлекеттік сақтауда. Қазақстан Республикасының «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында архивте сақтаудағы құжаттарды электронды – сандық түрге көшіру жұмыстары қолға алынып, жылдық жоспарларға сәйкес 2013 жылдан бастап бүгінгі таңда, электронды деректер базасына жалпы 18171 сақтау бірліктің 1460035 парағын сканерлерден өткізілді. Бұл жұмысқа арнайы жылдам өткізетін сканерлер беріліп, жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Бұл дегеніміз, алдағы уақытта барлық архив құжаттары цифрлық форматта сақталады деген сөз.
Тағы бір айтарлық жаңалық, 2020 жылдың ІV тоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындағы тапсырмасымен «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесі жасалып, мекемедегі сандық форматтағы құжаттарды жаңа жүйеге енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жерлестер туралы мәліметтерді іздестіруді жеңілдету үшін архивтің жеке тектік құжаттары электрондық сандық форматқа ауыстырылып, «Е-Архив» жүйесіне енгізілді. Қазіргі таңда бұл ақпараттық жүйе аудан әкімінің аппараты, аудандық мәслихат, аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер және барлық ауылдық округ әкімдері, барлығы 35 мекемеге қосылды. Аталған мекемелер алдағы уақытта осы ақпараттық жүйе арқылы архив мекемесіне құжаттарын электронды түрде өткізетін болады. 2021 жылдың қазан айынан бастап «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі де осы «Е-Архив» жүйесі арқылы жүзеге асырылуда.
Архив – адамның, қоғамның жəне мемлекеттің басқару қызметінің сенімді серігі, керек деректі дер кезінде жинақтап, ақпаратты сақтаушы, жеткізуші мекеме. Архивті сақтау, оны түгендеу өркениетті елдердің үрдісі.

А.Абиева
«Шу ауданының мемлекеттік архиві» КММ-нің
II-дәрежелі архивисі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.