Ақпараттық портал

Ардагермен кездесу өтті

«Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» демекші, Жамбыл атындағы орта мектепте Көктөбе ауылының тумасы, Шу ауданының Құрметті азаматы, есімі елге танымал ардагер Тұрсын Жетпісбаевпен кездесу өтті.
Кездесу аясында шәкірттеріміз тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, қариямыз өзінің баталы сөздерімен, қызықты естеліктерімен бөлісті. Талғам мен тәрбиеге толы бұл кездесуден жастардың алатын өнегесі көп.
Білім алушыларымыз ардагердің баталы сөздерінен үлгі алып, оймақтай ой түйді. Мақсатымыз – жас ұрпақтың бойына ардагерлердің еңбек жолын үлгі етіп, үлкенді сыйлай білуге және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Гүлдана НАЙЗАБЕК,
Жамбыл атындағы орта мектептің мұғалімі.
Көктөбе ауылы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.