Ақпараттық портал

Әлеуметтік кодекс жаңа әлеуметтік саясаттың негізі

денті Қ.Тоқаев қол қойды, енді 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Оны енгізудегі негізгі мақсат – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне теңдей қолжетімділігін қамтамасыз ету. Кодекстің негізгі жаңалықтарына тоқталып өтсем:
Кодекстің бірінші жаңалығы – Отбасының цифрлық картасы немесе еліміздегі отбасылардың дербес дерекқоры. Бұл дерекқор мемлекеттік органдардың қазіргі ақпараттық жүйелері негізінде қалыптастырылып жатыр.
Оны енгізудегі негізгі мақсат қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне теңдей қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленді. Яғни мемлекет кімге, қашан, қандай көмек қажеттігін анықтап қана қоймай, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу шараларын қарастыруға мүмкіндік алады.
Карта отбасылар немесе отбасы мүшелерінің әлеуметтік статусына және отбасылық әл-ауқат дәрежесіне қарап, мемлекеттік қолдаудың қандай түрін алуға құқылы екендігін жеткізіп отыратын электрондық жаршы құралы қызметін атқаратын болады. Мұндай ақпарат әрбір отбасына орталық мемлекеттік орган тарапынан СМС хабарлама ретінде жіберілмек.
Мемлекеттік қолдау проактивті форматта жүргізілетін болады. Яғни азаматтарға әлеуметіік төлемдер және көмектер ақпарат жүйесінде бар деректерге негізделеп тағайындалады. Қолданыстағы қағаз құжаттар кезең-кезеңімен жүйеден шығарылатын болады.
Кодекстің екінші жаңалығы – мемлекеттік қолдаудың жаңа парадигмасы. Оған сәйкес мемлекеттік қолдау алдымен әлеуметтік тәуекелдердің алдын алатын атаулы шара, одан кейін ғана атаулы әлеуметтік көмек ретінде қарастырылатын болады.
Осы бағыттағы тағы бір маңызды өзгеріс атаулы әлеуметтік көмек беру үшін кедейлік шегі бүгінгі күнкөріс деңгейі арқылы емес, медиандық табыс деңгейі арқылы анықталатын болады.
Егер күнкөріс деңгейі адамның физиологиялық қалпына келуін қамтамасыз ететін болса, медиандық табыс – жалпы халықтың нақты тұтынушылық шығындарын жабатын орташа күнкөріс табысы.
Кодекстің үшінші жаңалығы – әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің трансфомациялауға қатысты. Мұндағы негізгі мақсат мүгедектігі бар азаматтардың көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге деген қолжетімділігін, әсіресе ауылдық округтерде арттыруды көздейді.
Бұл үшін мынадай өзгерістер қарастырылып отыр:
-жан басына шаққандағы нормативті енгізу. Оның мөлшері қызметтер үшін жеке норматив, ал компенсаторлық техникалық құралдар үшін шектеулі бағалар түрінде жіктелетін болады. Бұл өзгерістер бір жағынан, кейбір қызмет немесе тауар түрлерін алдағы уақытта монетизациялауға алып келеді. Екінші жағынан, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге жеке секторды кеңінен тарту арқылы саланың инфрақұрылымын ауылдық жерге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Тағы бір өзгеріс – бұл мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету ісіне олардың отбасы мүшелерін барынша тарту. Бұл ретте отбасы мүшесі жеке көмекші немесе әлеуметтік қызметкер ретінде ресімделеді. Бұл жұмысқа еңбекақы төленеді және әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарналары аударылады. Осылайша, отбасының еңбек жасындағы жұмыссыз мүшелері қызметке орналасады. Сөйтіп, әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда әлеуметтік қамсыздандыру шараларымен толық қамтылады.
Кодекстің төртінші жаңалығы – әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы жүйелеріне қатысты.
«Қазіргі сақтандыру жүйесі әлеуметтік тәуекелдің 5 түрінен сақтандырады. Бұл – халықаралық стандарттарға және нақты экономикалық жағдайларға сай келетін жүйе. Сондықтан, оның негізі сақталады. Дегенмен, оның мақсаты өзгереді. Жүйе әлеуметтік төлем төлеуге ғана бағытталмай, ең алдымен, азаматтарды формальді форматта жұмыс істеуге ынталандыруды көздейтін болады.
Бұл мақсатты орындау үшін біріншіден, шағын бизнестегі жалдамалы жұмыскерлер, платформаның көмегімен жұмыс істеп жүрген азаматтарға қатысты салықтық жүктемелерді төмендету қарастырылды;
Екіншіден, әлеуметтік жарналарын уақытылы аударып отырған жұмыскерлерге сақтандыру қорларынан төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері кезең-кезеңімен ұлғайтылатын болады. Келесі жылдан бастап жұмыссыз қалған азаматтарға жарна төлеген уақытына сәйкес 6 айға дейін бұрынғы табысының 45%-ын төлеу қарастырылып отыр.
«Қазіргі қолданыстағы жүйе зейнеткерлердің 3 буынын қамтиды. Қарастырылған өзгерістерде 1998 жылға дейін және 1998 жылдан кейін зейнетке шыққан азаматтар зейнетақы төлемдерінің негізгі бөлігін мемлекеттен, ал болашақ зейнеткерлер – жинақтаушы зейнетақы жүйесінен алатын болады. Осы мақсатта бүгінгі зейнеткерлер үшін базалық және еңбек зейнетақыларының мөлшерін есептеу параметрлері өзгереді.
Бұл өзгеріс аталған зейнетақылардың мөлшерін көбейту мақсатында қарастырылып отыр. Ал болашақ зейнеткерлер үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілер тарапынан қосымша зейнетақы жарналары енгізілетін болады.

Райхан Назарова,
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің
Жамбыл облысы бойынша департаменті
№1 Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.