Өзара тәжірибе алмасты
Жуырда Сәду Шәкіров атындағы орта мектепте «Жаратылыстану бағытындағы пәндерден ББЖМ-ге дайындауды ұйымдастырудағы жүйелі тәсілдер» тақырыбында аудандық семинар-практикум өткізілді.
Семинар-практикум жаратылыстану пәндері сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру жолындағы тәжірибемен бөлісу мақсатын қамтыды. Семинар барысында мектептің химия, биология, география, математика пәні мұғалімдері ашық сабақ көрсетсе, мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Г.Нурлыкасимова «ББЖМ – сапалы білім көрсеткіші» тақырыбында таныстырылым жасады. Семинар-практикумға 26 мектептен 41 педагог қатысып, өзара іс-тәжірибе алмасты.
Марияна Спанова,
С.Шәкіров атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.