Ақпараттық портал

Жас архитекторлар арасында байқау жарияланады!

Байқау Шу қаласының әкімі Елдос Нуралиевтың @nuraliev.eldos бастамасымен өткелі отыр.
Байқауға қатысу үшін Қордай ауданынан Шу қаласына кіреберістегі қаланың аты жазылған орынға жаңаша эскиздік жоба ұсыну қажет. Байқауға 18-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Байқау материалдарын Шу қалалық әкімшілігі 2023 жылдың 10 шілдесіне дейін қабылдайды.
Мақсаты: Жастардың туған жеріне деген патриоттық сезімін ояту. Озық идеялы жастарға қолдау білдіріп, қаламыздың сәулеттік келбетін жақсарту. Жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, қоғамға қажет екендігін сезіндіру. Армандарының орнындалатындығына көз жеткізу. Талантты, жаңашыл жастардың жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру.
Байқау талаптары: Ұсынылатын жоба қала қонақтары мен жолаушылардың қандай өңірге келгендігінен хабар беріп, көз тартатындай болуы қажет. Байқауға қатысушы ауданымыздың тумасы болу керек. Эскиздік жоба белгіленген уақыттан кеш жіберілмеуі тиіс.
Ескерту: Байқауға креативті ойлайтын кез келген жас қатыса алады. Қазылар алқасының алдында жобаны қорғау күнін қосымша хабарлайтын боламыз. Үздік деп танылған эскиздік жоба қаланың кіреберісіне орнатылып, авторға сыйлық әзірленеді.
Анықтама телефондары: 8-726 43 2 14 41, 87755293691.
Электронды почта: shu_otdel@mail.ru
Мекенжай: Шу қаласы, Қонаев көшесі №23а.
Құрметті аудан жастары! Байқауға қатысып, қаланың көркеюіне үлес қосыңыз! Сіздердің бір идеяларыңыз қаншама қала қонақтарының аялдап, естелік қалдыратын орнына айналуы мүмкін. Жоба сізден, орындау бізден!

Leave A Reply

Your email address will not be published.