Әлеуметтік төлемдер туралы
Аудан бойынша асыраушысынан айрылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың академиялық демалысына қатысты айтар болсақ, он сегіз жастан асқан азаматтар үшін асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау құқығы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жиырма үш жастан аспайтын шекте жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде күндізгі оқу нысанын бітіргенге дейін он сегіз жастан асқан білім алушы азаматтарға қолданылады. Бұл ретте күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылар үшін академиялық демалыс беру мәселелері білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. Мәселен, «Білім туралы» ҚР Заңының 47-бабының 5-тармағына сәйкес медициналық көрсеткіштер бойынша және өзге де ерекше жағдайларда білім алушыға академиялық демалыс берілуі мүмкін.
«Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығының 3-қосымшадағы 32-тармағына сәйкес білім алушыға академиялық демалыс сырқаты бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы, әскери қызметке шақыру туралы қағаз негізінде, босанғанда, бала асырап алған жағдайда 3 жасқа толғанға дейін беріледі.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары білім алушыларға академиялық демалыстар беру тәртібін айқындайды және олардың сақталуын қамтамасыз етеді. Жоғарыда баяндалғанды негізге ала отырып, академиялық демалыс берілген жағдайда адам «білім алушы» мәртебесін жоғалтпайды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №223 бұйрығының 64-тармағына сәйкес асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар үшін білім алушыларға академиялық демалыс берілген жағдайда тоқтата тұру және тоқтату тәртібі көзделмегенін негізге ала отырып. Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мерзімді әскери қызметке шақырылған білім алушылар асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алуға құқылы деп есептейді.
И.Оңланбеков,
әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Шу аудандық бөлім басшысы.