Шу ауданының 2023 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы
Демография. 2023 жылғы 1 шілдеге Шу ауданының халық саны 106,5 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 45,5 мың адам (42,7 пайыз), ауылдықтар – 61 мың адам (57,3 пайыз). 2022 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 0,4 мың адамға немесе 0,4 пайызға өсті.
2023 жылғы қаңтар-маусым айларында барлығы 1064 нәресте дүниеге келіп, 360 адам қайтыс болды. 2022 жылы 1074 нәресте туылып, 352 адам қайтыс болған еді. Ауданда 261 неке тіркеліп, 28 отбасының ажырасу фактісі орын алды. Өткен жылы 286 неке тіркеліп, 46 отбасы ажырасты.
Көші-қон. 2023 жылғы қаңтар-маусым айларында ауданға барлығы 1311 адам көшіп келіп, 1823 адам ауданнан тысқары жерлерге қоныс аударды.
Ауыл шаруашылығы. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. 2023 жылғы қаңтар-шілдеде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 8725,1 тонна ет, 28046 тонна сүт, 5546,4 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 288,7 тонна ет, 459,3 тонна сүт, 77,7 мың дана жұмыртқа артық өндірілді. Мал басын өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 69961 басқа, қой 498763 басқа, ешкі 43200 басқа, жылқы 22737 басқа, түйе 111 басқа, үй құстары 117666 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзіммен салыстырғанда қой 56891 басқа, ешкі 45 басқа, жылқы 44 басқа, түйе 18 басқа, үй құстары 101 басқа көбейді, ал мүйізді ірі қара 12 басқа азайған.
Өнеркәсіп өндірісі. 2023 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 13848,5 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы сәйкес кезеңге 104,5 пайызды құрады.
Инвестиция. Құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-шілде айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі – 37362,3 млн. теңгені, құрылыс жұмыстарының көлемі – 27958,7 млн. теңгені, пайдалануға берілген тұрғын үй – 16307 шаршы метрді құрады.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 12903,9 млн. теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 3849,3 млн. теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 9054,6 млн. теңгеге сатылды.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы.