Ақпараттық портал

Шу ауданының 2023 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Демография. Қазақстан Республикасының 2021 жылғы Ұлттық халық санағының қорытындыларын есепке алғанда 2023 жылғы 1 сәуірге Шу ауданының халық саны 106,5 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 45,5 мың адам (42,7 пайыз), ауылдықтар – 61 мың адам (57,3 пайыз). 2022 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 0,5 мың адамға немесе 0,5 пайызға өсті.
2023 жылғы қаңтар-наурыз айларында барлығы 529 нәресте дүниеге келіп, 180 адам қайтыс болды. 2022 жылы 538 нәресте туылып, 215 адам қайтыс болған еді. Ауданда 126 неке тіркеліп, 16 отбасының ажырасу фактісі орын алды. Өткен жылы 160 неке тіркеліп, 22 отбасы ажырасты.
Көші-қон. 2023 жылғы қаңтар-наурыз айларында ауданға барлығы 614 адам көшіп келіп, 805 адам ауданнан тысқары жерлерге қоныс аударды.
Ауыл шаруашылығы. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. 2023 жылғы қаңтар-сәуірде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 3548,3 тонна ет, 10475 тонна сүт, 1769,4 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 59,7 тонна ет, 195,3 тонна сүт, 16,7 мың дана жұмыртқа артық өндірілді. Мал басын өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 75848 басқа, қой 437313 басқа, ешкі 49074 басқа, жылқы 20136 басқа, түйе 88 басқа, үй құстары 88986 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 3555 басқа, қой 28223 басқа, ешкі 425 басқа көбейіп, жылқы 2704 басқа, түйе 5 басқа, үй құстары 679 басқа азайған.
Өнеркәсіп өндірісі. 2023 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруа-шылықтарын қосқанда) 7532,2 млн теңгенің өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы сәйкес кезеңге 103,4 пайызды құрады.
Инвестиция. Құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-сәуір айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі – 14202,6 млн теңгені, құрылыс жұмыстарының көлемі – 10399 млн теңгені, пайдалануға берілген тұрғын үй – 8609 шаршы метрді құрады.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 6870,9 млн. теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 2125,8 млн теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 4745,1 млн теңгеге сатылды.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы

Leave A Reply

Your email address will not be published.