Ақпараттық портал

Еңбек адамына ерекше құрмет!

Сәду Шәкіров атындағы орта мектебінде «Еңбек адамы» мерекесіне орай, білім алушыларды адамгершілікке,үлкенді сыйлауға баулу және мамандық таңдауға деген көзқарастарын қалыптастыру мақсатында мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Еңбек адамына ерекше құрмет!» тақырыбында ауданымыздың еңбегімен еленген құрметті азаматтарымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Тампылбай Молдақұлов, Шу ауданы аналар алқасының төрайымы Айжан Иманова, Шу ауданы аналар алқасының мүшесі Данен Бейсенбаева апайларымыз қатысып, өз өмірдеректерімен таныстырды, еңбек жолдарындағы жетістіктерін үлгі-өнеге ете отырып, білім алушыларға тәрбиелік мәні зор ақыл-кеңестер берді. Кездесу барысында қонақтар білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Ұлттық тілімізді құрметтеуге, білімді, салиқалы ұрпақтан болуға шақырып, шәкірттердің әрқайсысына таңдаған мамандықты сүюге, шыңына шығуға тілектестік білдірді.
Марияна Спанова,
Сәду Шәкіров атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.