Үміткерлермен кездесу өтті
Шу аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 23 қазан күні 2023 жылдың 12 қарашасына тағайындалған Дулат ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттар мен олардың сенімді өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы С.Жанғарашев тіркелген кандидаттартарға үгіт-насихат материалдарын дайындау, сайлауалды бағдарламаларын орналастыру тәртібімен таныстырды. Сондай-ақ тікелей ауыл тұрғындарының дауыс беруі арқылы өтетін сайлаудың Заң аясында өтуіне баса назар аударды.
Аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Б.Стыбаев кандидаттар мен олардың сенімді өкілдерін үгіт-насихат жұмысын жүргізу тәртібімен, сайлауалды үгіт жұмыстарын жүргізу кезіндегі Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарын бұзғаны үшін тартылатын жауаптылықтармен таныстырды. Кандидаттар мен олардың сенімді өкілдерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берілді.
Комиссия хатшысы С.Снабеков дауыс беру тәртібімен, дауыс беру қорытындыларын анықтау, сайлау комиссияларының міндеттері туралы түсіндірме жүргізді. Дауыс беру күніндегі сайлау комиссиясы мүшелерінің, сенімді өкілдердің, байқаушылардың дауыс беру орнындағы тәртіп ережелері қағидаларына сәйкес іс-әрекеттерін іс жүзінде көрсетіп өтті.
Комиссия төрағасы С.Жанғарашев кездесуді қорытындылай келе кездесуге қатысушыларды сайлауды ұйымдасқан түрде заң аясында өткізуге шақырды.
Шу аудандық сайлау комиссиясы.