Біліктілікті арттыруға бағытталды
Ағымдағы жылдың 23 қазаны мен 3 қарашасы аралығында Шу ауданында іс-тәжірибе алмасу мақсатында «Мектеп кітапханашыларының біліктілігін арттыру жүйесінде медиа және ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру» курсы өтті.
«Өрлеу» ұйымдастырған аталған курс танымды кеңейтуге және ақпарат алмасуға бағытталған. Курстың танымдық материалы көп болды. Курс блоктардан құрылымдалған түрде оқытылды.
Тренер мектеп кітапханашылары арасында медиа және ақпараттық сауаттылықты дамытуға бағыталған жұмыс принциптері, әдіс-тәсілдері мен технологиялары туралы айтып, барлық инновациялық әдіс-тәсілдерді үйретті. Онлайн қызметтерді пайдаланып, Genially сервисіндегі интерактивті плакаттар, Canva графикалық редакторында кітап трейлерлері, Саllameo cервисіндегі электронды брошюралар жасау арқылы жеке мультимедиалық өнімдерді жасаудағы практикалық дағдылар ерекше орын алды. Google академиясы арқылы ақпарат пен медиа – контентті сауатты орналастыру жұмыстары жетілдірілді, сонымен қатар біз Soft-skills және Hardskills дағдыларын қызығушылықпен игердік.
Бұл курстың ерекшелігі – топтық жұмыс барысында білім, пікір алмасу, шығармашылық ізденіс арқылы өткен тұрақты кәсіби диалог болды. Курстың кейінгі кезеңінде кәсіби қоғамдастықты пайдалана отырып, мектеп кітапханашылары зерттеу форумында жұмыс тәжірибесімен алмасуды жоспарлап отыр. Дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу, зерттеу тақырыптары бойынша мақалалар жазу, мұның бәрі мектеп кітапханаларының жұмысына табысты әдістер мен практикалық әрекеттерді енгізуге ықпал етеді.
Қаланың үздік мектептерінде іс-тәжірибелік сабақтар тренердің жүргізуімен өткізілді. Соның арқасында кітапханашылар кең көлемде мәліметтерді пайдалануға мүмкіндік алды. Электронды католог пен оның деректер қорын жүргізу, кітап қорын цифрландыру, кітапханалық –библиографиялық өнімдерді құрастыру, әртүрлі бесминуттық бақ және ақпараттық сауаттылық негіздері бойынша оқырмандармен семинарлар өткізу туралы да сауаттарын жетілдірді. Бұл курс жеңіл және қызықты болды. Сондықтан біз оны зерделеу барысында мектеп кітапханасының жұмысындағы алдыңғы іс-шаралардың нақты жоспарын жасайтын боламыз. Тренеріміз Инна Грицинина Васильевнаға және курстың авторына алған біліміміз үшін рахмет айтамыз.
Шу ауданының мектеп кітапханашылары.