Ақпараттық портал

Жаңа мүмкіндіктер алаңы

Қазіргі кезде елімізде қосымша білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдындағы басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі қосымша білім беру мектептен тыс ұйымдардың бірегей жүйесін сақтау және дамыту, жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және шығармашылық дамытуда олардың рөлін арттыру мақсатында ұйымдастырылады. Балаларға қосымша білім беру мазмұны, оны ұйымдастыру түрі, әдістері мен технологиялары сапасын көтеру, педагогикалық шығармашылық жұмысты бағдарлы түрде ұйымдастыру көзделген. Қазақстандағы қосымша білім беру жүйесі білім беру кеңістігінің ең динамикалық және дамушы құрамдас бөлігі болып табылады. Ол стандартты жүйеге қарағанда ерекше ашық және еркін дамуды қалыптастырады.
Балаларға қосымша білім беру білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі, үздіксіз білім жүйесінің ажырамас бөлігі. Қосымша білім беру жүйесі салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаны өздігінен дамыту, шығармашыл дарынды балаларды іздеу, оларға қолдау көрсету өскелең ұрпақ тәрбиесіне және олардың дарындылығын дамытуға, балалардың құқықтарын қорғауға назар аударуды күшейтуге бағытталған.
Бүгінгі таңда жан-жақты тұлғаны қалыптастыру барысында қосымша білім беру мекемелеріндегі үйірме жұмыстарының рөлі күннен-күнге ұлғая түсуде. Мектептен тыс орталықтарда жүргізілетін тәрбие жұмыстары сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады. Ол оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез-құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың формасы болып табылады.
Қосымша білім беру ұйымдарының басқа білім беру орындарынан айырмашылығы мұнда балаға қосымша ақпарат берумен ғана шектелмейді, ең бастысы баланы шығармашылық жұмысқа бейімдеуге зор мән беріледі. Жас ұрпақтың дара ерекшелігін ескере отырып, ойлау, шешім қабылдау, қорытынды ой-пікірін білдіру белсенділігін, танымдық қабілетін дамытуына, өзінің шығармашылық әрекетін жүзеге асыруын қалыптастыруына мүмкіндік туғызған дұрыс. Оқушылардың қабілетін ашып, дамытуға жан-жақты жағдай жасағанда ғана мақсатқа қол жеткізуге болады.

Жазира Әденова,
аудандық білім бөлімінің
«Оқушылар сарайы» КМҚК әдіскері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.