Түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Шу аудандық орталық ауруханасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс қызметінің және есеп бөлімі мамандарының бірлесе ұйымдастыруымен, аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінің қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Басқосу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жемқорлыққа қарсы Заңнамаға енгізілген өзгерістер жөнінде кеңінен түсіндіріліп, ауысыммен еңбек ететін қызметкерлерге жалақы төлеу ережелері туралы айтылды.
Қатысушылар да өз кезегінде көкейдегі сауалдарын жолдап, нақты жауаптар алды.
Сыбайлас жемқорлық – мемлекет дамуына тежеу болатын қауіпті құбылыс. Бүгінде елімізде онымен күрес жүргізілуде. Жемқорлықтың алдын алудың бірден-бір жолы – оған қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары моральдық, құқықтық, саяси және басқа мәдениеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін білдіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қазіргі уақытта шынайы қажетті құбылыс мәртебесін иеленеді, оны әлеуметтендіру процесінде қоғамның барлық әрекетке қабілетті мүшелері игеруі тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі.
Сондай-ақ, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің толық қалыптасуы үшін бірқатар шарттар керек екендігі сөзсіз.
Ол жаппай оқу арқылы құқықтық білім мен тәрбиені қамтамасыз ету.
Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды құруда отбасынан алынатын тәрбиенің маңызы зор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау қоғамның түрлі салаларын қамтиды, оның ішінде, әсіресе, білім беру мекемелеріне жүктелетін жауапкершілік аса жоғары. Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасында «Отбасы және білім беру саласы бұл үдеріске мүдделілік таныта отырып, қатысуы керек. Бұл жұмысты мектепке дейінгі бала тәрбиесінен бастаған абзал» делінген.
Шу аудандық орталық
ауруханасы.