Ақпараттық портал

Кандидаттармен кездесу өтті

Шу аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 6 наурыз күні 2024 жылдың 31 наурызына тағайындалған Шу аудандық мәслихатының №12 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлауға кандидаттар және сенімді өкілдерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Ошанов тіркелген кандидаттарға үгіт-насихат материалдарын дайындау, сайлауалды бағдарламаларын орналастыру тәртібімен таныстырды. Сондай-ақ тікелей Шу қаласының №451, №455 учаскелерінің шекарасына кіретін тұрғындарының дауыс беруі арқылы өтетін сайлаудың Заң аясында өтуіне баса назар аударды. Кандидаттар мен сенімді өкілдерге куәліктері табысталды.
Аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Б.Стыбаев кандидаттар мен олардың сенімді өкілдерін үгіт-насихат жұмысын жүргізу тәртібімен, сайлауалды үгіт жұмыстарын жүргізу кезіндегі Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылықтармен таныстырды. Кандидаттар мен олардың сенімді өкілдерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берілді.
Комиссия хатшысы С.Снабеков дауыс беру тәртібімен, дауыс беру қорытындыларын анықтау, сайлау комиссияларының міндеттері туралы түсіндірме жүргізді. Дауыс беру күніндегі сайлау комиссиясы мүшелерінің, сенімді өкілдердің, байқаушылардың дауыс беру орнындағы тәртіп ережелері қағидаларына сәйкес іс-әрекеттерін іс жүзінде көрсетіп өтті.
Комиссия төрағасы А.Ошанов кездесуді қорытындылай келе кездесуге қатысушыларды сайлауды ұйымдасқан түрде заң аясында өткізуге шақырды.

Шу аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.