Ақпараттық портал

Өрт – орманның ең қауіпті жауы

Орман алқаптары – өмірдің тіршілік көзі. Табиғат, ол – болашақ ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беретін теңдесі жоқ баға жетпес, құнды қоймасы. Алайда, орманның қорғансыз жауы бар, бұл – от.
Көп жағдайда орман және дала өрті табиғатқа, орманға құлшынысты және орман пайдаланушы тұлғалар емес, орман заңнамаларындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін елемейтін, өзге тұлғалардың немқұрайдылығынан орын алатыны анық. Орман және дала өрті жалпы қоршаған ортаға, адамзат өміріне зиянын келтіре отырып, өз қауіпін төндіретін табиғи апаттардың бірден-бір факторы болып саналады. Өрт – тілсіз жау. Орман және дала өрттері орын алған жағдайда үлкен экономикалық шығындар әкеледі, табиғат әлемінің флорасы мен фаунасын жояды, қоршаған ортаға өз зияны мен қауіпін келтіріп, адамдарды жарақаттайды және адам шығынына әкеп соғады.
Қосқұдық орман шаруашылығы мекемесінің қызметкерлері аудан тұрғындары мен қонақтарын табиғатқа құрметпен қарауға, автокөлік т.б. өзге техника құралымен орман қорында болған кезде және отпен жұмыс жасағанда абай болуға шақырады.
Немқұрайдылық қайғылы апатқа әкелуі мүмкін. Орман қорында қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып іс-әрекет жасасаңыз, табиғатты сақтап, апаттың алдын аласыз. Бір ғана от ұшқыны өрт апатына, қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
2024 жылғы өрт қауіпі бар маусымның басталуы туралы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар минстрлігінің ОШ және жануарлар дүниесі комитетінің 20.03.2024 жылғы «Мемлекеттік орман қоры аумағында 2024 жылғы өрт қаупі бар маусымды белгілеу туралы» №27-4/61-НҚ бұйрығын негізге ала отырып, Қосқұдық орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің басшылығы мемлекеттік орман қоры аумағында орналасқан көл маңайындағы қамыстарды өртеуге қатаң тыйым салады. Орман заңдылықтарын бұзған жағдайда ҚР орман кодексі және ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің заңдарымен жазаланатынын ескертеді.
Шағын орман өрті орын алған жағдайда жасалатын іс-қимыл тәртібі:
– кішкене отты таптаңыз;
– отты топырақпен жабыңыз, су құйыңыз және дымқыл топырақ лақтырып жабыңыз;
– 1,5-2 метрлік қатты ағаш бұтақтарымен немесе дымқыл киіммен не болмаса киізбен жалынды сыпырып, содан кейін оны жерге «қағыңыз».
– өртті сөндіргеннен кейін, оттың одан әрі жанбайтынына көз жеткізбей кетпеңіз;
Өрт ошағын оқшалауды, өрттің таралуын болдырмауды, өртті өз бетімен сөндіруге мүмкіндік болмаған жағдайда, жақын маңда орналасқан барлық адамдарға қауіпті аймақтан шығу қажеттілігі жөнінде дереу ескертіңіз.
Құрметті Шу ауданы тұрғындары және орман пайдаланушы азаматтар! Орман және дала өртінің орын алғанын байқасаңыз, төмендегі телефон нөмірлеріне қоңырау шалуыңызды сұраймыз.
Байланыс телефондары:
Қосқұдық орман шаруашылығы КММ 8(72638) 5–08-00, 3-13-07;
Шу аудандық төтенше жағдайлар бөлімі – 8(72643) 2-23-37;
№13 аудандық өртке қарсы қызмет бөлімі – 101, 8(72638) 2-23-26, 3-15-17;
Мекеме директоры – 8-705-642-07-07;
Мекеме директорының орынбасары – 8-775-218-04-70;
Ормандарды қорғау және күзет инженері – 8-707-530-04-69;
Орман өрт сөндіру станциясының басшысы – 8-708-129-70-14;
Қосқұдық орманшылығының басшысы – 8-702-918-74-04;
Алабота орманшылығының басшысы – 8-778-734-13-98.
Орман өртін сөндіруден алдын алу оңай, сондықтан сақ болыңыз. Өзіңізге, жақыныңызға туған өлкеңіздің орман кеңістігіне қауіп төндірмеңіз!
Берік Абдрешов,
Қосқұдық ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің
ормандарды қорғау және
күзет инженері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.