Ақпараттық портал

Сот қызметкерлері құттықтау қабылдады

Осы аптаның басында еліміздегі судьялар мен сот қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті. Биыл төл мерекелерін үшінші мәрте тойлаған сала мамандарын аудан әкімінің орынбасары Найман Сұлтанбаев арнайы құттықтап, аудандық соттың қызметкерлеріне аудан әкімі Б.Жәнібековтың құттықтауы мен марапаттарын тапсырды. Одан бөлек, бұл құттықтауға аудандық мәслихат төрағасы Жасұлан Әбенов, «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Болатхан Ниязбеков қосылды.

– Сіздерді ең алдымен, биыл үшінші мәрте тойланғалы тұрған Судья және сот қызметкерлері күні кәсіби мерекелеріңізбен шынайы ықыласпен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Заң үстемдігі мен әділеттілік қағидаттарын бекіту, азаматтардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету жолындағы жұмыстарыңыз жемісті болсын!
Мерекелік күндер тізбесінде ойып тұрып орын алған бұл мереке сіздердің мәртебелеріңізді арттырып, жауапкершілігі мол жұмыстарыңызға маңыз бергені ақиқат. Себебі, сот жүйесі аса маңызды миссияны атқаратын, мемлекетіміздің тіректі саласының бірі болып саналады.
Бұл салада тер төгіп жүрген жандардың функционалдық міндеттері зор жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан әрбіріңізге аса жауапты жұмыстарыңыз үшін алғыс білдіреміз,-деді Найман Кенжеханұлы өзінің құттықтауында.
Өз кезегінде Шу аудандық сотының төрағасы Мар-Лен Тілеубеков ризашылық білдіріп, әріптестеріне ақжарма тілегін жеткізді.
-Бүгінде үздік әлемдік стандарттарға сай, заманауи сот жүйесін қалыптастыру қарқынды түрде жалғасуда. Жаңа заңдар адамдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін, сот жүйесі мен судьялардың тәуелсіздігін нығайтты. Бүгінде халық пен сот арасындағы ашықтық қалыптасып, елдің сотқа деген сенімі артып келеді. Бұл бізді қуантады, -деді Мар-Лен Мыңжанұлы.
Аудандық соттың 6 айдағы жұмысына қарап ауқымды істер атқарылғанын аңғарамыз. Мәселен, жарты жылдың ішінде азаматтық істер бойынша барлығы 563 іс қаралған, оның ішінде шешім шығарумен 324 іс, оңайлатылған тәртіппен 312 іс, сот бұйрығын шығарумен 62 іс қаралған, 125 іс бойынша сот өндірісі қысқартылған, оның ішінде медиациямен 124 іс, партисипативтік тәртіппен 1 іс қаралған, 49 іс қараусыз қалдырылған, 2 іс бойынша жекеше ұйғарымдар шығарылған. Бір іске жауап түсіп, біреуі орындалу үстінде. Соттылығы бойынша 3 іс жолданған.

Байжан Емберді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.