Ақпараттық портал

Жалпыға бірдей декларациялау бойынша

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 45-1-бабы негізінде Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді, ол 4 кезеңде өтуде.
Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі мақсаты:
-әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру;
-жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құру;
-сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.
1-кезеңде 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны тапсыру 2021 жылдың салық кезеңіне, яғни 31.12.2020 жылғы жағдай бойынша төменде көрсетілген тұлғалар тапсырды:
-жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалар және олардың жұбайлары;
-мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар және олардың жұбайлары;
-мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары;
-«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық ҚР Заңы және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР Заңына сәйкес ұсыну міндеті жүктелген тұлғалар.
2-кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны тапсыру 2023 жылдың салық кезеңіне, яғни 31.12.2022 жылғы жағдай бойынша төменде көрсетілген тұлғалар тапсырды:
-мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары;
-квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері және олардың жұбайлары.
3-кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны тапсыру 2024 жылдың салық кезеңіне, яғни 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша төменде көрсетілген тұлғалар тапсырды:
-заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары;
-жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.
4-кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап декларация халықтың қалған санаттарымен ұсынылады.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 3 кезеңде декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сонымен қатар шаруа қожалықтардың басшылары мен мүшелері, сондай-ақ олардың жұбайлары және әрекетсіз және кәсіпкерлік қызметін уақытша тоқтатқан тұлғалар да тапсыруға міндетті.
2024 жылға аудан бойынша 3 кезеңде 250.00 нысанды Активтер мен міндеттемелерді табыс етуге міндеттелген салық төлеушілердің жалпы саны 13192, оның ішінде бүгінгі күнге түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында табыс еткендер саны – 562 салық төлеушілер немесе 4,2 пайызды құрайды.
Сонымен қатар, филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғалар болып табылмайтындықтан, 2024 жылы филиалдар мен өкілдіктердің басшыларында декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындамайды.
Сондай-ақ, 2024 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жеке практикамен айналысатын (нотариустар, адвокаттар және жеке сот орындаушылары) ұсынбайды.
Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі барлық азаматтардың активтері мен міндеттемелері туралы декларация беруінен тұрады. Онда жеке тұлғаның барлық шетелдік активтері, жылжымалы, жылжымайтын мүлкі көрсетіледі, яғни:
-шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік;
-шетелдік банктегі (1 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын ) 3 450 000 млн теңгеден жоғары ақша;
– шетелдік компаниядағы қатысу үлесі;
-бағалы қағаздар, цифрлық активтер (биткоиндер және т. б.);
-үлестік қатысу шарты (тұрғын ғимараттағы үлесі);
– инвестициялық алтын (құйма алтын);
-зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері;
-(10 000 айлық есептік көрсеткіш шегінде ) 34 500 000 млн теңге шегінде қолма-қол ақша;
-басқа тұлғалармен нотариалды куәландырылған қарыз шарттары.
-құны 3 450 000 млн теңгеден асатын басқа да мүлік (мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлар және т. б.) –жеке тұлғаның (қалауы бойынша).
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның 3 кезеңі бойынша табыс ету мерзімі:
Қағаз тасығышта және Электронды түрде-2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей салық төлеушінің тұрғылықты жері жері бойынша табыс етіледі.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету тәсілдері:
-электронды түрде – «Салық төлеушінің кабинеті» мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ e-Salyq Аzamat мобильді қосымшасы арқылы;
-қағаз тасығышта – мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібімен немесе тапсырыс хатпен пошта арқылы табыс етуге құқылы.
Декларация нысаны
«Активтер мен міндеттемелер туралы Декларация» 250.00-нысан.
Құрметті салық төлеушілер
«E-calyq bissnes», «E-calyq azamat» – қосымшаны әзірлеудегі негізгі мақсаты –Мемлекет басшысының жеке кәсіпкерлердің және жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету тапсырмасын орындау және азаматтарды бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы хабардар ету мен оларды төлеуге мүмкіндік беру. Ол 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ел аумағында қолданысқа енгізілді.
«E-calyq bissnes» мобильді қосымшасы бірқатар салық рәсімдерін жеңілдетеді және бірнеше анықтаманы да алуға мүмкіндігі бар.
•Мобильді қосымшаның функционалы: жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге;
•Кассалық чектің орнына мобильді қосымшаның чегін беруге;
•Берілген чектер негізінде кәсіпкердің кіріс есебін жүргізуге;
•Салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеуге;
•Жалдамалы қызметкерлердің және олардың табыстарының декларацияны тапсыруга (910.00 нысаны);
•Кәсіпкер қызметі оңайлатылған тәртіпте тоқтатуға мүмкіндік береді. Одан бөлек E-calyq bissnes-те ыңғайлы сервистер әзірленуде. Олардың көмегімен:
•Салық органдарының жіберген хабарламаларын алуға;
•Бір төлем құжатымен бірнеше салықты төлеуге;
•Артық не қате төлеген салықтарды алдағы салықтар есебіне жатқызуға немесе қайтарып алуға болады.
Сондай-ақ E-calyq azamat – бұл электронды салық әмиянының функцияларын орындайтын мобильді косымша. Қосымшаның артықшылықтары мен мүмкіншіліктері:
•Салық төлеу;
•Салық салу объектілері бойынша мәліметтерге тузету жүзеге асырылады;
•Жеке тұлғалар үшін декларация тапсырылады (240.00, 250.00, 270.00, 700.00) салық есептілігі нысандарды
•Жеке шоттарды қарау;
•МКБ қызметтерін ұсыну сапасын бағалау;
•Мүлік туралы мәліметтерді түзетуге өтінімдер беру;
•Жолаушылар –кедендік декларацияны тапсыру;
•ЖТ банкроттық өтініш беру;
•Мемлекеттік кірістер органдарына электронды кезекті онлайн брондау, салық күнтізбесі айыппұлдардың болуын тексеру, шығуға тыйым салу, салық төлеушілерді іздеу, соның ішінде сенімсіз және т.б салық төлеушілерді іздеп табу.
•Бұл тегін қосымшаларды App Store Play Market және App Gallery–ден жүктеп, ЖСН мен пароль арқылы пайдалануға болады.
Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылдың 16 қазанынан бастап Комитеттің байланыс орталығы арқылы салық төлеушілерге кеңес беруді бейне байланыс негізінде көрсетілетін пилоттық жобасын іске қосты.
Жобаның мақсаты – арнайы QR – код басу арқылы немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kqd.qov.kz порталындағы https://kqd.qosyl.kz/ «Бейнеқоңырау» сілтемесі немесе Teleqram-да Salyqbot арқылы түскен қоңырауларды қабылдап, осы бойынша салық төлеушілерге неғұрлым ыңғайлы және жылдам форматта консультациялық қызметтер көрсету. Пайдаланушы әлемнің кез келген нүктесінен тегін бейнеқоңырау шала алады (интернетке қолжетімді ұялы телефон немесе компьютердің болуы жеткілікті). Сервис абоненттерге бейнеконсультация барысында мәтіндік хабарламалар мен қажетті сілтемелер жіберуге мүмкіндік береді.
Шу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.