Ақпараттық портал

Адам папилломасы вирусы туралы

Адам папилломавирусы (АПВ) – тері мен шырышты қабаттардың эпителийіне әсер ететін өте кең таралған вирустар тобы. Оның 14 түрі онкогенді, яғни онкологиялық аурулардың дамуына әкеледі.
Көптеген адамдарды АПВ алаңдатпайды, бірақ кейбір папилломавирустар сүйелдерге немесе қатерлі ісікке әкелуі мүмкін.
Жатыр мойны обырының дамуы әйелдің адам папилломавирусын жұқтыруымен байланысты. Бұл туралы көптеген ғылыми дәлелдер бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 95 пайыздан астам жағдайда жатыр мойны обырын (ЖМО) адам папилломавирусы (АПВ) тудырады. Жатыр мойны обырының 70 пайызы АПВ-ның екі түрлі вирус штаммдарынан туындайды.
АПВ бар әйелдерде жатыр мойны обырының даму ықтималдығы АПВ жоқ әйелдерге қарағанда 6 есе жоғары.
Әлемде жыл сайын 600 мың әйелде ЖМО анықталады және одан 340 мың әйел қайтыс болады. Ал Қазақстанда жатыр мойны обырының 1600-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, бұл аурудан 500-ден астам әйел қайтыс болады.
Қазақстанда жатыр мойны обыры сүт безі обырынан кейінгі әйелдерде онкологиялық аурулардың таралуы бойынша екінші орында тұр.
Папиллома вирусы адамнан адамға тұрмыстық байланыс және жыныстық қатынас арқылы берілуі мүмкін.
Қазақстанда 2024 жылдың қазан айынан бастап қыздарды вакцинациялау жоспарлануда. Адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцина ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді. Вакцинация 11 жастағы қыздарға балаларды вакцинациялауға ата-анасының келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Бұл жас ДДҰ, онкологтардың ұсыныстарына сәйкес таңдалды. Себебі 11-14 жас аралығындағы иммундау ересек жасқа қарағанда тиімді, себебі тұрақты иммунитет қалыптасады.
Ең тиімді қорғану әдісі – вакцинация. Вакцинамен қорғануға болатын жалғыз қатерлі ісік түрі, бұл жатыр мойны обыры. Халықаралық тәжірибеде жүзден астам елде, соның ішінде ұлдар арасында АПВ вакцинасы енгізілген. Бұл мемлекеттерде жатыр мойны обыры 90 пайызға төмендеген.
Г.Станбекова,
Шу аудандық орталық ауруханасының
дәрігер эпидемиологы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.