Ақпараттық портал

Техникалық дағдылар чемпионатының қатысушыларымен кездесті

Премьер-министр Олжас Бектенов колледж студенттері арасында салалық жұмысшы мамандықтарындағы құзыреттілік деңгейі бойынша WorldSkills Kazakhstan 2024 ұлттық чемпионаты өтіп жатқан алаңға барды.
Іс-шараның тұжырымдамасы ірі халықаралық компанияларда әлеуетті жұмысқа орналасуды қамтамасыз ету үшін оқыту сапасын, алынған дағдыларды тексеру мақсатында кәсіби-техникалық колледж студенттері мен кәсіпорындар арасындағы кооперацияға бағытталған.
Премьер-министр чемпионатқа қатысушылармен әңгімелесу барысында олардың алған білімдерінің сұранысқа ие екенін ерекше атап өтті.
«Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы техникалық және кәсіптік білім берудің бүкіл еліміз үшін ерекше маңыздылығын көрсетеді. Үкімет алдына экономика құрылымын жаңғырту бойынша өршіл міндеттер қойылды. Ол үшін бізге энергетика, құрылысшы, ауыл шаруашылығы, көлік және су саласында білікті отандық мамандар қажет. Бұл ретте цифрлық трансформация мен технологиялық прогрестің сын-қатерлеріне дайын болу маңызды. Сондықтан біздің ортақ міндетіміз – қоғамның барлық ресурстарын біріктіру. Бұл бағытта біз жастарымызға және осындай іс-шараларға жан-жақты қолдау көрсететін боламыз», — деп атап өткен Олжас Бектенов қызығушылық танытып, студенттердің өз дағдыларын көрсетуі үшін арнайы мамандандырылған аймақтар құрған компанияларға алғысын білдірді.
Сол жерде колледж басшылығымен кездесу өтіп, оның барысында білім беру сапасын арттыру мақсатында кадрлар даярлау бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Биыл чемпионатқа Алматы құрылыс-техникалық колледжі, «Astana Polytechnic» жоғары колледжі, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі, Абай облысы білім басқармасының Радиотехника және байланыс колледжі, Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі және басқа да оқу орындарының студенттері қатысады.
ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.