ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – ХАЛЫҚ САПАЛЫ ӨМІРІНІҢ НЕГІЗІ
Әрбір азамат сапалы білім алып, қолжетімді медициналық көмекке жүгініп, жайлы ортада өмір сүруге құқылы. Сондықтан әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту – мемлекет алдындағы маңызды міндеттердің бірі.
Мектептер мен балабақшалардың, медициналық мекемелердің салынуы, олардың заманауи талаптарға сай жабдықталуы халықтың тұрмыс сапасын арттыруға тікелей әсер етеді. Әсіресе, ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың қолжетімді болуы – аса маңызды мәселе.
Президент Жолдауында атап өтілгендей, азаматтарымыз толыққанды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтылуы керек. Бұл – тек ғимараттар салу емес, әрбір тұрғынға тең мүмкіндік жасап, болашақ ұрпақтың сапалы өмір сүруіне жағдай қалыптастыру.
Әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы – елдің тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатының артуына бастайтын маңызды қадам.