Тұрғындардың өтініштері назардан тыс қалмайды
Жұма күні аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Кезекті қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған түрлі мәселелерді ортаға салып, аудан басшысына өтініш-тілектерін жеткізді. Көтерілген мәселелер қатарында әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым және басқа да өзекті мәселелер қамтылды. Басым көпшілігі баспана алу бойынша өтініштерін айтты.
Аудан әкімі тұрғындардың әрбір сауалын мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсініктемелер берді. Сондай-ақ шешімін табуды қажет ететін бірқатар мәселелер жөнінде жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.
Айта кетейік, мұндай жеке қабылдаулар тұрғындар мен жергілікті атқарушы билік арасындағы ашық байланысты нығайтып, халықтың өтініш-тілегін тікелей тыңдауға мүмкіндік береді.
«Шу өңірі» ақпараты.