Ақпараттық портал

Жолдар біртіндеп жөнделіп келеді

Аудан айнасы саналатын аудандық газет қоғамда орын алып жатқан сан түрлі сын мәселелермен қатар жылт еткен жағымды жаңалықтарды да жергілікті жұртшылық өкілдерімен бөлісуге әрдайым дайын. Ағымдағы жылы билік өкілдері тарапынан қолға алынып, жүзеге асырылған жалпы аудан халқы үшін көңіл қуантарлық іс – ауданішілік автомобиль жолдарының жөнделуі болғаны анық. Бұл әсіресе, көлік тізгіндеген жандар үшін жағымды жағдай болғаны жасырын емес. Жуырда біз осы мәселе төңірегінде тарқатып айтып, орын алған оңды істерді оқырман қауыммен толығырақ бөлісу үшін жауапты мекемедегі мамандарға жолығып, біраз мағлұматқа қол жеткіздік.
Нақты айтар болсақ, аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ұсынған мәліметке сәйкес аудан аумағындағы автомобиль жолдарының біраз бөлігіне жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оны күнделікті жол қатынасында өзіміз де аңғарып жүрміз. Жалпы, Шу ауданы бойынша жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 844,82 шақырымды құрайды. Республикалық маңызы бар 2 жолдың ұзындығы 118 шақырым, облыстық маңызы бар 3 жолдың ұзындығы 112,1 шақырым және аудандық маңызы бар 17 жолдың ұзындығы 71,72 шақырым болса, ішкі көше жолдарының ұзындығы 543 шақырымды құрайды. 2024 жылға 28 жоба (92 көше, 65 шқ, құны 2,0 млрд. теңге) аясында жол жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру жоспарланған екен. Оның ішінде аудандық маңызы бар 17 жолдың 4 жолына (10 шқ) жөндеу жұмыстары жүргізілді (құны 436,7 млн.теңге). Олар Жайсан ауылына кіре беріс жол (1,11 шқ, жоба құны 45998,0 мың теңге), Бірлік ауылына кіре беріс жол(1,54 шқ, жоба құны 63 948,0 мың теңге), Тасөткел ауылына кіре беріс жол(4,20 шқ жоба құны 163 094,2 мың теңге), Балуан Шолақ, Ақтасты ауылына кіре беріс жол (4,12 шқ жоба құны 163 688,3 мың теңге).
Бүгінгі күнде Балуан Шолақ-Бөлтірік-Ақтасты ауылына кіреберіс жол мен Жайсан ауылына кіреберіс жол жамылғысы бойынша орташа жөндеу жұмыстары, Бірлік ауылына кіреберіс жол жамылғысын салу, Тасөткел ауылына кіреберіс жолды жөндеу жұмыстары аяқталды. Одан бөлек, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 11 жобаның (жалпы ұзындығы 26 шқ жолдарды жөндеу) жұмыстары толығымен жүзеге асырылды. Жобаның құны 834,7 млн. Олардың қатарында Белбасар және Еңбекші (4 көше, 7,4шқ, жоба құны 263 832мың теңге), Бірлік (11 көше, 6 шқ, жоба құны 164 080 мың теңге), Балуан Шолақ (9 көше,3,155 шқ, жоба құны 86 311мың теңге), Ақтөбе (4 көше,3,7 шқ, жоба құны 120 104 мың теңге), Көкқайнар ( 7 көше,3,29 шқ, жоба құны 93 365 мың теңге), Төле би (1 көше, 2,77 шқ, жоба құны 107 042мың теңге) ауылдары бар.
Сондай-ақ аудандық бюджеттен қаражат қарастырылып, Шу қаласы ( 8 жоба, 42 көше, 27 шқ, жоба құны 463 132 мың теңге), Жаңақоғам (3,4 шқ, жоба құны 79 481 мың теңге), Далақайнар (1,3 шқ, жоба құны 18 000 мың теңге), Тасөткел (2,1 шқ, жоба құны 33 869 мың теңге), Мойынқұм (2 шқ, жаяу жүргінші), Төле би (3,1 шқ) ауылдарының жалпы ұзындығы 39 шақырымдық ішкі көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталды.
Сала мамандарының айтуы бойынша жол жөндеу жұмыстары мұнымен тәмамдалмайды. Бұл бағытта алдағы жылға да тиімді жоспар түзілген. Мысалы, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 26 жобаны (63 көше, 61,32 шақырым, қаражаты 1944 279 мың теңге) жүзеге асыру көзделген. Сонымен қатар, келер жылы ауылдардағы көше бойындағы тротуар, яғни жаяу жүргіншілер жолының құрылысын қолға алу бағытында (5 жоба ,11,3 шақырым, қаражаты 310 363 мың теңге) жоспарлар бар.
Байқағанымыздай, бірқатар жұмыстар жүзеге асырылып, алдағы жоспарлар да айқындалып отыр. Басталған істер табысты аяқталып, ауданның тақтайдай тегіс жолдары жергілікті халықтың игілігіне қызмет етеді деп сенеміз.
Динара БАТЫРХАИРОВА.

Leave A Reply

Your email address will not be published.