Шырша ағаштарын сатуға тыйым салынады!
«Дәстүрдің озығы бар, һәм тозығы бар»,-деген сөз тіркесі жаңа жыл мерекесіне қарсы әр үйдің төрінен орын алатын жаңа жылдық, жасыл шыршаға да қатысты айтылған болса керек.
2024 жылдың жаңа жыл алдындағы кезеңінде қылқан жапырақты ағаш тұқымдыларының (шырша ағашы) жас талдарын аудан аймағындағы әмбебап базар орындары мен күрежол жиегі аумағындағы бөлшек саудада (құрама шыршалар мен контейнерлердегі тірі шыршалардан басқа) жаңа жылдық шырша ағаштарының сатылуына қатаң тыйым салынады.
2024 жаңа жылдық жасыл шыршаларды босату (оны алу), Жамбыл облысы аймағында мәдени-бұқаралық іс-шаралар әзірлеу (өткізу) үшін, жергілікті әкімдіктер облыстық әкімдіктеріне жеткізуді және өтінімдерді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне дер кезінде ұсыныстарын беру қажет. ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы комитетінің рұқсатымен облыс аймағы әкімдіктерінің тапсырысы (өтінімдері) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 21.11.2024 жылғы №27-03/331-НҚ БҰЙРЫҒЫ негізінде жүргізіледі.
Ағаш кесу, босату жұмыстары жоспарлы 2024 жылғы облыстар бойынша бекітілген ормандарды күтіп-баптау және басқа да мақсаттарда ағаш кесу есебінен сүрек дайындау кезеңімен белгіленген көлемі бойынша жүзеге асырылады.
Берік Абдрешов,
«Қосқұдық ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ-нің ормандарда қорғау және күзет инженері.