Ауыл шаруашылығының серпінді дамуы және жаңа мүмкіндіктер
Шу ауданында өткен жылы негізгі бағыттарды жүзеге асыру мақсатында ауыл шаруашылығында бәсекеге қабілетті өнім өндіру мен агроөнеркәсіп кешені жүйесін тиімді жүргізу бойынша ілгерінді жұмыстар атқарылды.
2024 жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 70322,5 млн.теңгені құрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 42896,7 млн.теңге, мал шаруашылығында – 27263 млн. теңгенің өнімі өндірілді.
Шу ауданына ауыл шаруашылығы негізгі капиталына3811,8 млн.теңгеге ден жуық инвестиция тартылды.
2024 жылы «Ауыл аманаты» жобасының 5-ші бағыты «Тұрғындардың өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге арналған шағын жобаларын іске асыру мақсатында 227 млн.теңгеге 31 жобаның құжаттары «Тараз» ӘКК-ге тапсырылып 20 жоба несиелендірілген.
2024 жылы жалпы 73 180 гектарға дақылдар орналастырылды (дәнді және дәнді бұршақты дақылдар – 44089 га, майлы дақылдар – 116,5 га, қант қызылшасы – 1 030 га, картоп – 41 га, көкөніс дақылдары – 4 985 га,бақша дақылдары – 2 430 га, мал азығы дақылдары – 20 489 га)
2024 жылдың өніміне егілген 44,1 мың.га масақты дәнді дақылдардан жалпы 74,2 мың.тонна өнім алынды. Орташа өнімділігі 16,8 ц/га . 4984,3 гектар көкөніс дақылдарынан 239,5 мың.тн өнім жиналды. Орташа өнімділігі 500ц/га. 1030 гектар қант қызылшасынан 82,4мың тонна өнім жиналды. Орташа өнімділігі 800ц/га.
2024 жылы 25882 га алқапқа 6 132 тонна (о.і. аммиакты селитра 2657,5 тонна, аммофос 611,4 тонна, басқа түрлері 2863,2 тонна) минералды тыңайтқыш енгізілді.
Жоғары өнімге қол жеткізудің негізі – ол ауыл шаруашылығы техникаларының жаңаруы. Шаруашылықтарға жеңілдетілген 5-6 пайыздық несиелер берудің нәтижесінде 168 дана жаңа техника алынып, жаңару көрсеткіші 10 пайызға жетті.
Өткен жылы 11,813 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілді.
Аймақта ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнімнің 45 пайыздан астамы мал шаруашылығы саласына тиесілі.
Есепті жылы 32,0 мың тонна сүт өндіріліп, 1,01 пайызға артса, 17,6 мың тонна ет өндіріліп, 1,0 пайызға артты.
Аудандағы жалпы мал басы 530,7 мың басты құраса, оның ішінде мүйізді ірі қара саны – 43,4 мың басты, қой саны – 414,1 мың. басты, жылқы саны 15,0 мың басты, түйе саны 91 бас, құс саны 57,9 мың басты құрады.
Қазіргі уақытта аймақта асыл тұқымды ұсақ мал өсірумен 375 қожалық, мүйізді ірі қара малын өсірумен 37 шаруашылық айналысуда.
Мәселен, аудан бойынша сыйымдылығы 32,450 мың тоннаны құрайтын 19 сақтау қоймасы жұмыс істеп тұр.
Қорыта айтқанда, алдағы уақытты ауданда суармалы алқаптардың аумағын арттыру, заманауи ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу, асыл тұқымды мал санын көбейту, ақылды фермалар мен цифрландырылған өндіріс орындарын ашуға күш жұмсалатын болады.
Серікхан Қуатұлы, Шу ауданы әкімінің орынбасары.