Ақпараттық портал

Жылжымалы кітап көрмесі өтті

Биыл «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы бойынша жалпы өңірде кітап оқу ісіне терең мән берілмек. Әулиеата өңірі – ақын-жазушылардың мекені, сөз өнерінің төрі. Кітап – рухани азық, жанымыздың шуағы, болашағымыздың бағдары. Биылғы 2025 жылды Жамбыл облысында «Кітап оқу жылы» деп белгілеу – осы құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған қадам.

Осы орайда кітапханаларда түлі іс-шаралар өтуде. Атап айтсақ, Шу қалалық №3 кітапхананың қызметкерлері кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптарды насихаттау мақсатында жылжымалы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітаптың берер азығы мол. Биыл «Ел болып оқимыз» жобасы аясында жыл бойы Бауыржан Момышұлының «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Жұмекен Нәжмеденов, Тәкен Әлімқұловтың шығармалары таңдалынып, іс-шаралар өткізілуде. Кітап рухани азық, жанымыздың шуағы, болашағымыздың бағдары. Біздің басты міндетіміз – жастарды ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрімізге сай тәрбиелеу. Кітапты құмартып оқу арқылы құлшыныс пен сүйіспеншілік пайда болып, көп оқыған адамның көкірегі әрқашанда ояу, зейіні зерек, жүрісі сергек болмақ.
Адамзаттың алыбы Абай: «Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге…» деп, кітаптың құндылығын ерекше атап көрсеткен. Ендеше, біз де білім мен руханияттың кілтін кітаптан табайық. Кітап адамның зияткерлік дамуының негізгі құрамдас бөлігі. Сондай-ақ ол басқа ақпарат көздерімен салыстырғанда бәрінен жоғары тұратыны баршамызға мәлім. Кітап адамзат баласының сан ғасырлық ақыл-ойының, даму үрдісінің жемісі. Өткен тарихы мен өмірлік тағылым-танымының алтын сандығы. Еліміздің еңсесін көтерер азаматтарымыз тарихымызды танып, тіліміз бен дінімізді қасиет тұтса екен деймін. Жан азығын тек кітаптан іздейік.
Кітап – кәріге де, жасқа да қажет. Кітап біздің дүниетанымымызды кеңейтіп, ішкі жан дүниемізді байытуға көмектеседі. Адам санасын қуаттандыратын адал досымыз, ақыл сұрайтын да, ілімімізді толықтыратын да осы құрал. Кітапсыз адам өмірі бос. Кітап біздің досымыз ғана емес, сонымен бірге біздің тұрақты, мәңгілік серігіміз. «Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі»,- деп Мұхтар Әуезов айтқандай, кітапсыз өткен бір күн – орны толмай бос кеткен күн.
Олай болса, достар, кітап оқып, білімімізді толықтыра жүрейік. Уақыт бөліп, кітапханаға келіп, кітап оқыңыз. Рухани байып, кітап оқуға шақырамыз!
Қ.Байсейтова,
№3 қалалық кітапхананың
меңгерушісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.