Үздіктер анықталды
2026 жылғы 21 қазанда Шу аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық өнерді насихаттауға және үйірме жетекшілерінің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған «Үздік үйірме жетекшісі – 2026» байқауы өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты – мәдениет саласында еңбек етіп жүрген үйірме жетекшілерінің кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылық әлеуетін айқындау, озық тәжірибелерін насихаттау және балалар шығармашылығын дамытуға қосқан үлесін бағалау.
Байқау бес кезеңнен тұрды:
– «Портфолио» – қатысушылардың кәсіби жетістіктері мен шығармашылық жолын таныстыру;
– «Менің шығармашылық әлемім» – шығармашылық бағыттары мен өзіндік ерекшеліктерін көрсету;
– Ашық сабақ немесе шеберлік сағаты – кәсіби біліктілігі мен оқыту әдістерін таныту;
– Шығармашылық өнер көрсету – өнері мен талантын ортаға салу;
– Сұрақ-жауап – кәсіби білімдері мен тәжірибелерін саралау.
Байқау барысында қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін, шығармашылық ізденістерін, жаңашыл әдіс-тәсілдерін және балалармен жұмыс жүргізудегі тәжірибелерін көрсетті.
Әділқазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпаздары төмендегідей анықталды:
Бас жүлде – Белбасар ауылдық мәдениет үйінің би үйірмелерінің жетекшісі Бегалы Аружан.
I орын – Балуан Шолақ ауылдық мәдениет үйінің «Актерлық шеберлік» үйірмесінің жетекшісі Айтбай Жанар.
II орын – Қонаев ауылдық мәдениет үйінің «Көркемсөз оқу» үйірмесінің жетекшісі Дүйсенова Бибігүл.
III орын – Көкқайнар ауылдық мәдениет үйінің «Вокал» үйірмесінің жетекшісі Жұмағұлова Дамира және Көктөбе ауылдық мәдениет үйінің би үйірмелерінің жетекшісі Сауытбек Әйгерім.
Сонымен қатар байқауға қатысқан үміткерлер арнайы номинациялармен марапатталды:
– «Шабыт сыйлаған ұстаз» – Бірлік ауылдық клубының «Домбыра» үйірмесінің жетекшісі Белеков Бесіншібай;
– «Балалар сүйіктісі» – Көктөбе ауылдық мәдениет үйінің «Көркемсөз оқу» үйірмесінің жетекшісі Сарсенбекова Анар;
– «Үздік портфолио» – Абай ауылдық мәдениет үйінің «Көркемсөз оқу» үйірмесінің жетекшісі Мұхатаева Мадина;
– «Жаңашыл ұстаз» – Бірлікүстем ауылдық мәдениет үйінің «Вокал» үйірмесінің жетекшісі Молдасанова Гүлзада.
Жеңімпаздар мен номинация иегерлері дипломдармен, мадақтамалармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Байқау мәдениет саласы мамандарының тәжірибе алмасуына, шығармашылық бастамаларының дамуына және жас ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын арттыруға үлкен мүмкіндік берді. Шу аудандық мәдениет үйі байқауға қатысқан барлық үміткерлерге алғыс білдіріп, шығармашылық табыс, кәсіби жетістік және еңбектеріне толағай табыс тілейді.
Маржан Көпбосынова,
Шу аудандық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы.