Тағайындау
Абдрашев Найманхан Айдарханұлы
Шу ауданы әкімінің №40 ө ж-қ өкімімен 2025 жылдың 20 ақпанынан Шу
ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Абдрашев Найманхан Айдарханұлы 1978 жылы туылған. Білімі жоғары, 1999 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құрылыс саласы кәсіпорындарының экономикасы және менеджменті» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы Шу ауданының әскери комиссариатында екінші бөлім бастығының көмекшісі болып бастаған.
2003-2004 жылдары Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің жетекші маманы;
2005-2007 жылдары Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету және коммуналдық меншікті басқару секторының бас маманы;
2007-2008 жылдары Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің жиынтық-талдау секторының басшысы;
2008-2009 жылдары Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің жиынтық-талдау секторының сектор меңгерушісі;
2009-2012 жылдары Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің есеп және есеп беру секторының бас маманы;
2012-2015 жылдары Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету секторының сектор меңгерушісі;
2015-2020 жылдары Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі басшысының оынбасары;
2020-2023 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы;
2025 жылдың 12-сәуірінен бүгінгі күнге дейін Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі басшысы болып қызмет атқарған.
Үйленген. Төрт бала тәрбиелеуде.