Ақпараттық портал

Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!

Аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мерекесіне орай «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» атты этнографиялық калейдаскоп өткізді.
Аталмыш шара шашумен ашылып, Шу аудандық аналар алқасының төрайымы Айжан Болатқызы оқырмандарды мерекемен құттықтады. С. Шәкіров орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Г.Ахметова «Наурыз думан», оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы «Қазақы дастарханым» әнін шырқаса, кітапхананың тұрақты оқырмандары Ораз Айлин, Әзімжан «Аққу», «Гүлдер» биін мың бұрала биледі. Рахманқызы Айзиза, Жетпіс Алина қазақтың атақты күйші-композиторы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әбдімомын Желдібавтың “Ерке сылқым” күйін күмбірлете орындады.
Кеш соңында кітапханашылардың дайындап келген наурыз көжесі таратылды.
Іс-шараның мақсаты – жас буынға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Эльмира Шингисова,
АОКЖ оқырмандарға қызмет көрсету
бөлімінің кітапханашысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.