Шу ауданының 2025 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы
Демография. 2025 жылғы қаңтар-ақпанға Шу ауданының халық саны 105,4 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 45,2 мың адам (42,9 пайыз), ауылдықтар – 60,2 мың адам (57,1 пайыз).
Ауыл шаруашылығы. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. 2025 жылғы қаңтар-ақпанда төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 1221,3 тонна ет, 2086,4 тонна сүт, 561,8 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 32,8 тонна ет, 25,9 тонна сүт артық өндіріліп, 33,8 мың дана жұмыртқа кем алынды. Мал басын өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 43842 басқа, қой 409481 басқа, ешкі 8034 басқа, жылқы 15083 басқа, түйе 91 басқа, үй құстары 57973 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 2085 басқа, ешкі 9269 басқа, түйе 8 басқа азайды, қой 29576 басқа, жылқы 402 басқа көбейді, үй құстары 17721 басқа азайған.
Өнеркәсіп өндірісі. 2025 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 2955,1 млн теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2024 жылғы сәйкес кезеңге 98,2 пайызды құрады.
Инвестиция. Құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-ақпан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі – 11029,5 млн теңгені, құрылыс жұмыстарының көлемі – 284,4 млн теңгені, пайдалануға берілген тұрғын үй – 4014 шаршы метрді құрады.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 3737,7 млн теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 1188,7 млн теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 2549 млн теңгеге сатылды.
Шу аудандық статистика басқармасы.