Жемқорлыққа қарсы күрес – бәрімізге ортақ жауапкершілік
ХХІ ғасырда қоғамда әділдіктің сақталуы елдің жарқын болашағына зор ықпал ететіні сөзсіз. Осы орайда еліміздің әр аймағында жас ұрпақтың бойына ең бірінші адалдық пен әділеттілік ұстанымдарын сіңіру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуы қажет. Сондай маңызды іс-шараның бірі – Жаңа жол ауылдық округінде өтті.
Атап айтқанда, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасында «Жемқорлыққа жол жоқ» атты эссе жазу байқауы өткізілді. Байқадың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында жемқорлықа қарсы иммунитет қалыптастыру, адал еңбекке баулу және әділетті қоғам құруға шақыру.
Аталған байқауға 9-10 сынып оқушылары белсенді қатысып, өз ойларын тереңнен қозғап, эссе арқылы жеткізе білді. Жастар өз шығармаларында жемқорлықтың қоғамға алып келетін зиянын, әділеттік пен адалдық маңызын айқын суреттей алды.
Байқау қорытындысы бойынша Махаббат Серікбаева бірінші орынды, Алтынай Тұрсынбай екінші орынды, Нұрай Нұрғожа үшінші орынды еншіледі. Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және әділ қоғам құруға өз үлесін қосатынына сенімді. Жемқорлық – елдің дамуына тұсау болатын індет. Онымен күресу тек мемлекеттік органдардың ғана емес, барша азаматтардың, әсіресе жастардың басты міндетіне айналғанда ғана біз әділ әрі таза қоғам құруға бір қадам жақындаймыз. Жемқорлықпен қоғам болып күресейік!
Зере Қабланбекова,
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің бағдарламашысы.