Таза қол өмірді сақтап қалады
Қол гигиенасы – қолдың тазалығы мен деннің саулығының кепілі. Өйткені, адамның ең ластанатын дене мүшесі – қолы. Біздің қолымызда саусақтардың ұшынан шынтаққа дейін 2 миллионнан астам бактериялар болуы мүмкін. Қолдағы бактериялар мен микробтар 3 сағатқа дейін тірі қалуы да ықтимал. Ылғал қолдар құрғақ қолдарға қарағанда 1000 есе көп бактерияларды таратады. Сағаттардың, сақиналардың немесе білезіктердің астында миллиондаған бактериялар жасырылады.
Біздің қолымыз – қоршаған ортамен өзара әрекеттесудің негізгі тәсілдерінің бірі. Күнделікті қанша затқа – есіктерге, үстелдерге, тамақ өнімдеріне, үй жануарларына қол тигізетіндігіңізді ойлаңыз. Жүздеген немесе мыңдаған адамдар да осы заттарға бірнеше рет қол тигізді, олардың көпшілігінің қолдары таза болмауы мүмкін.
Адамдардың қолы адам денсаулығына қауіпті көптеген микроорганизмдердің «уақытша үйі» болып табылады. Олар әртүрлі ауруларды тудыруы мүмкін. Вирусты жұқпалар (қызылша, ЖРВИ, жәншау, тұмау, қызамық, дифтерия, желшешек) әдетте ауада «жүреді». Мысалы, жөтелгенде немесе түшкіргенде қолына немесе бетіне түскен микробтар сау адамға қол ұстасу немесе «жұқтырған» затпен жанасу арқылы жетуі мүмкін. Сол жерден аузына да, ішіне де жұғады.
Микробтармен күресудің ең қарапайым және ең тиімді әдісі – қолды таза ұстау.Шын мәнінде, қолыңызды таза ұстау қиын емес, ең қиыны – мұны ұмытпау.
Мынадай қарапайым ережелер сізде және сіздің отбасыңызда инфекция қаупін азайтуға көмектеседі:
Шикі етті кескеннен кейін, дүкенге, ауруханаға және т.б. жерлерге барып келгеннен кейін, көшеде серуендеп, қоғамдық көлікпен жүргеннен кейін, қолында ақша ұстағаннан кейін, жануарлармен және әртүрлі ластанған беттермен байланысқаннан кейін, науқастармен сөйлескеннен кейін, қол алысқаннан кейін, контактілі линзаларды салмас бұрын немесе макияж жасамас бұрын, пісірер алдында, сондай-ақ тамақ ішер алдында, қоқыспен, лас памперстермен, лас іш киіммен жанасқаннан кейін қолыңызды жуыңыз.
Жараны тазарту немесе таңу сияқты кез-келген медициналық өңдеуден бұрын және кейін қолыңызды жуыңыз немесе зарарсыздандырыңыз.
Егер, сіз жөтеліп жатсаңыз немесе суық тиген болса, айналаңыздағы адамдар қол тигізуі мүмкін беттерге микробтардың таралуын болдырмас үшін түшкіргеннен, жөтелгеннен кейін қолыңызды жуыңыз немесе тазалаңыз. Ең дұрысы, егер сіз түшкіру немесе жөтелу кезінде ауызды алақанмен емес, майлықпен немесе қол орамалмен жабыңыз.
Қолыңызды жуған кезде үнемі мынадай қарапайым қадамдарды орындау керек: Қолыңызды ағынды сумен сулаңыз. Сұйық сабынмен, көбікпен немесе кесек сабынмен жуыңыз. Сабынды көпіршітіп, оны алақанның сырт жағына, сондай-ақ саусақтарыңызға жайыңыз. Қолыңызды кем дегенде 20-30 секундқа ысқылаңыз. Алақандарды ғана емес, сонымен қатар олардың сырт жағын, білектерін, саусақтардың арасындағы және тырнақтың астындағы аймақты мұқият жууды ұмытпаңыз.Көбікті жақсылап шайыңыз.Қағаз сүлгімен құрғатыңыз.
Қолды қалай жуу керек
Қолды жуу үшін тым ыстық суды қосудың қажеті жоқ. Интуитивті түрде ол микробтарды жақсырақ жоятын сияқты, бірақ олай емес. Ыстық су терінің май қабатын жуады, ол қолдың терісін құрғатады және бактерияларға жол ашады. Қолыңызды ыңғайлы температурадағы сумен жуыңыз.
Қолды жуу кезінде бактерияға қарсы сабынды қолданбаңыз. Бұл патогендік қана емес, сонымен қатар қолдың терісінде үнемі кездесетін пайдалы бактерияларды да өлтіреді. Күнделікті қол жуу үшін қарапайым иіс сабыны жеткілікті. Сұйық сабынға артықшылық берген жөн. Егер сабын қатты болса, оның құрғақ сабын ыдысында екеніне көз жеткізу керек. Қолыңызды таза сүлгімен сүртіңіз (қағазды қолданған дұрыс). Ересектер мен балаларда әртүрлі қол сүлгілері болған жөн. Оларды күн сайын ауыстыру қажет.
Осылайша, қолды жуу сияқты қарапайым процедура сізді және сіздің отбасыңызды көптеген аурулардан қорғайды.
М.Саулебаев,
Шу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы.
А.Асылбаева,
бас маман.