Жаңа мүшелер қабылданып, төраға сайланды
Өткен сәрсенбіде Шу аудандық орталық ауруханасы байқау кеңесінің кезекті отырысы өтті. ҚР Мемлекеттік мүлік туралы Заңының 148-бабының 3-тармағына сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.
Шу аудандық орталық ауруханасының 2022 жылы құрылған байқау кеңесінің өкілеттік мерзімі өткен жылдың аяғында аяқталған. Осыған орай, ағымдағы жылы мамыр айында Шу аудандық орталық ауруханасы байқау кеңесінің мүшелігіне өткізілген байқау қорытындысына сай Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Назарбектің 2025 жылғы 5-маусымдағы №206-ө бұйрығымен Шу аудандық орталық ауруханасы байқау кеңесінің құрамы жаңадан құрылып, тағайындалды.
Атап айтсақ, кеңес құрамында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, Жамбыл облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, ҚР ДСМ өкілі Н.Муликова, Жамбыл облысы әкімдігі, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, ДСБ өкілі Е.Мусабаев, Шу ауданы, Төле би ауылдық округі әкімінің орынбасары Е.Аймамбетов, денсаулық сақтау саласының ардагері С.Ақпаев, Шу ауданының жеке кәсіпкері С.Бабалиев, «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысындағы филиалының төрағасы Н.Махашев, Жүрек орталығы «UMC» корпоративтік қоры, интервенциялық аритмолог дәрігері С.Багибаев бар.
Басқосуға Н.Муликова, Н.Махашев және С.Багибаев ZOOM қосымшасының көмегімен, қалған қатысушылар оффлайн форматта қатысты.
Жиын барысында Шу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Жайдар Айтишев күн тәртібіндегі бірінші мәселе аясында Шу аудандық орталық ауруханасының байқау кеңесінің жаңадан тағайындалған құрамымен таныстырды. Келесі кезекте байқау кеңесіне жаңадан тағайындалған құрамға төраға сайлау және байқау кеңесінің хатшысын сайлау туралы мәселе қаралды. Нәтижесінде, кеңес мүшелерінің бірауыздан қолдауымен денсаулық сақтау саласының ардагері С.Ақпаев кеңес төрағасы болып сайланды. Бұл азамат әр жылдары Шу қалалық ауруханасында учаскелік терапевт, бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары, қалалық аурухананың бас дәрігері секілді жауапты қызметтерді абыроймен атқарған. «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат», «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау үздігі», «Алтын дәрігер», өзге де көптеген марапаттардың иесі. Төрағалыққа сайлау барысында есімі аталған азаматтың еңбек жолы мен осындай марапаттары да ескерілді.
Сонымен қатар көпшілік дауыспен байқау кеңесінің хатшысы болып Шу АОА заңгері Ж.Беймбетова сайланды.
Бұдан бөлек, басқосу барысында күн тәртібіне сәйкес Шу аудандық орталық ауруханасына 2024 жылға бөлінген қаржының орындалуы, ауруханада 2024 жылда атқарылған шаралар және кәсіпорынның 2025 жылға арналған жұмыс жоспары жөніндегі есептер тыңдалды.
Ж.Беймбетова,
байқау кеңесінің хатшысы.