Шу қаласы мен елді мекендерді күзгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2025 жылғы 1 қыркүйектен 31 қазанға дейін ауданның елді мекендерінде абаттандыру және санитарлық тазалау екі айлығы жариялансын.
2. Күзгі тазалықтың екі айлығын өткізу жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспары 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін;
3. Күзгі тазалық екі айлығының өткізілуін бақылайтын штаб құрамы 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін;
4. Штаб мүшелерінің бөлінісі 2.1-қосымшаға сәйкес бекітілсін;
5. Арнайы іс-шара жоспары №3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
6. Шу қаласы мен ауылдық округ әкімдері:
1) өздеріне қарасты елді мекендерде күзгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарының іс-шараларын жасап, оны орындау бағытында жұмыстар атқарсын;
2) аулалар маңындағы аймақтарды тазалап ұстауды бақылауға алсын;
3) қала, ауылдық округ қарамағындағы аумақтардың арық жүйелерін және арналарды, тарихи-мәдени ескерткіштерді, зираттар мен мал қорымдарын, қоғамдық орындарды және басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырсын;
4) елді мекендердегі және маңайдағы егілген талдарды, ағаштарды жоюға жол бермеу жөніндегі нақты жұмыстар атқарсын;
5) абаттандыру, көгалдандыру, және санитарлық тазалау жұмыстарының айлықтарына байланысты жұмыстарды атқаруға кең көлемде еңбек ұжымдарын, ауыл тұрғындарын және қоғамдық жұмысқа тартуды жүзеге асырсын;
6) елді мекендерден шығарылатын күл-қоқыстар мен қалдықтарды белгіленген орынға апарылуын қамтамасыз етсін;
7) елді мекендерде қатты қалдықтар төгетін алаңдардың қоршау жұмыстарын ұйымдастырып, оларға баратын көшелерге белгілер орнатсын;
7. Шу қаласы мен ауылдық округтерде орналасқан барлық кәсіпорын, мекемелер, меншіктің нысанындарына қарамастан өндірістік және қоғамдық мекенжайды, кеңсе маңындағы арықтарды тазалау, қоршауларды сырлау, әктеу, жарықтарды ретке келтіру, жарнамаларды, айырымдық белгілерді жаңарту, безендіру, ағаш көшеттерін отырғызу, ағаштарды бұтау жұмыстарын ұйымдастырып, бақылауда ұстасын.
8. Шу аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің басшысы Д.Бекбауловқа (келісім бойынша):
Жергілікті полиция инспекторлардың өз аумақтарында тазалықтың сақталуын бақылауда ұстасын.
9. «Шу аудандық баспасы» ЖШС бас редакторы Е.Қартайған ауданның елді мекендерінде күзгі абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарының жүргізілу барысын әр басылым санында тұрақты жариялауын қамтамасыз етсін (келісім бойынша).
10. Шу қаласы мен ауылдық округ әкімдеріне осы қаулының орындалу барысы туралы аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне әр аптаның жұма күндері хабарлама беріп тұру міндеттелсін.
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Абдрашев Найманхан Айдарханұлына жүктелсін.
Аудан әкімі Б.Джанибеков