Ең үздік қала мектебі
Шу қаласында орналасқан Төле би атындағы орта мектебі “Ең үздік қала мектебі” номинациясын иеленіп, 1000 000 теңгенің сертификатын алды. Бұл біз үшін асқақ абырой, үлкен жеңіс.
Жалпы биылғы жыл мектебіміз үшін зор жетістіктерге толы жыл болды. Тізбектейтін болсақ, мектептің “Алтын белгі” иегерлері Төре Оршыбек, Аянат Серік, Ақерке Жетібай, Виктория Мишина, Аружан Жұмахан мен үздік аттестат иесі Жансая Тәңірберген озық білім үлгісімен білім шаңырағының мақтанышына айналды. Білім беруде білікті ұстаздардың шеберлері, “Ы.Алтынсарин” төсбелгісінің иегерлері физика пәнінің мұғалімі Шәмші Абаева, тарихшы Ақмарал Аймамбетова, орыс тілі пәнінің майталмандары Раушан Қарабекова, Құндыз Жанпейісова, Мөлдір Шнарбекова мен эссе жазудан шығармашылыққа баулыған қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Гүлжан Құлмахамбетова, Нағима Қуанышбекова аталған оқушыларға дәріс беріп, білім кеңістігінің жеңісіне жетеледі.
“Қазақстан корпорациясы” ЖШС ұйымдастыруымен “Туған жерге қамқорлық” экомарафоны ғылыми жобалар байқауында мектеп оқушылары 900 000 теңге қаржылай сыйлық алды. Мектеп директоры Ардақ Джаңғарашеваның 9 сынып оқушысы Нүркен Оразалы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы бағалы сыйлығын және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
“Жас дарын” облыстық ғылы-ми жобалар жеңімпазы Рауан Төлеуқұл, көркем өнерге баулуда Еркінғали Диқанбаевтың шәкірттері сурет салу шығармашылығымен Парижде өткен халықаралық байқауда қазақ өнерімен тәнті етті.
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Серік Құрамаев “Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісін алып, спорттық жетістіктерге толы білім шаңырағы мен мектеп ұжымын қуанышқа бөледі.
Ләззат Оразбаева,
Шу қаласы.
Суретте: мектеп директоры А.Джаңғарашева және мектеп ұжымы.