Антибиотиктер және микробка қарсы төзімділік дегеніміз…
Антибиотиктер дегеніміз – микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе мүлде тоқтататын, микробтардан, өсімдіктер мен жануарлар жасушаларынан алынатын табиғи немесе жартылай синтетикалық заттар.
Антибиотикке қол жеткізудің жолы жеңіл. Дәріханаларда дәрігердің нұсқауынсыз-ақ сатылып жатыр. Антибиотикті балалардан аулақ ұстаған жөн. Бірақ, антибиотик бермедік деп көңіліміз жайланғанымен, дастархандағы тамақ арқылы ағзамыз ақырындап уланып жатыр. Жануарлар мен үй құстарын қолдан семіртудің астарында да антибиотик бар екен. Мысалы, тауыққа антибиотик салса, 5 есеге тез өседі. Яғни, гормондық өсімі тез жетіледі. Міне, қауіп қайдан!..
Жер бетінде халық саны өсіп келеді. Алайда, алдымен ақша емес, ұлттың саулығын ойлау қажет қой. Бұл мәселеге дүниежүзі аландап отыр. Өйткені, қазірдің өзінде Еуропаның дамыған елдерінің біразында адам ағзасындағы инфекциялардың 45 пайызы ешқандай дәріні қабылдамайды делінуде. Қауіптің алдын алу мақсатында біздің елімізде арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр. Ортақ құжат бекітілсе ғана ғаламдық қауіпке қарсы тұра аламыз. Антибиотиктердің арқасында адамзат инфекциялық ауруларды жеңе бастады. Алайда антибиотиктерді шектен тыс пайдалану, организмнің үйреніп кетуіне алып келеді. Ауыл шаруашылығы бизнесінде пайданы ғана ойлайтын кәсіпкерлер малдың тездетіп ет жинауы үшін арнайы антибиотиктерді жем-шөбіне қосып береді. Соның арқасында басылып шыққаныны 45 күн ғана болған балапан, дүкен сөрелерінен табылады. Құрамына антибиотигі бар өнімді жиі пайлалану ағзаны бөгде заттардан тазартатын бүйрек пен бауыр үшін өте зиян, иммунитетті де әлсіретеді.
Антибиотиктер микроорганизмдердің өсуіне, өсімдіктер мен жануарларға және кейбір қатерлі ісіктерге әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді. Антибиотиктердің пайда болуымен қатар микробтардан туындайтын белгілі ауруларды нәтижелі емдеу мүмкіндігі пайда болады. Көптеген халық арасында бұл антибиотиктер әмбебап (жан-жақты) болып табылмайды, өйткені олардың әрқайсысы өзіне белгіленген, өзіне сезімтал микроорганизмдерге ғана әсер береді. Антибиотиктердің пайдасы мен зияны бірге жүреді. Ол іштегі зиянды және ағзаға қажетті микроорганизмдерді қатар жояды. Сондықтан тек қана дәрігердің нұсқауымен қабылдаған жөн.
Антибиотиктер ағзадағы зиянды және пайдалы екендіктеріне қарамастан барлық тірі микроорганизмдерді өлтіреді. Содықтан антибиотиктерді қабылдаған кезде ішек микрофлорасын реттейтін, құрамында бифидо, лактобактериялары бар препараттарды бірге ішкен жөн. Себебі антибиотиктер ішектегі қажетті микроорганизмдерді жойып, ішектің микрофлорасын бұзады. Дәрілерді мақсатсыз қабылдағанның кесірінен адамның ағзасы күші ең қуатты антибиотиктерге төзімді болып алады да, кейін еш әсер етпей қалады екен. Дегенмен, оларды дұрыс қолданбау түрлі кері салдарға әкелуі мүмкін. Антибиотиктен абайлаңыз! Емге дауа деп ішкен дәріңіз уға айналуы мүмкін. Антибиотиктерді шамадан тыс немесе дұрыс пайдаланбау бактериялардың төзімді болуына әкеледі. Бұл жағдайда бұрын тиімді болған антибиотиктер әсер етпей қалады, инфекцияларды емдеу қиындайды және өлім-жітім көрсеткіші артуы мүмкін. Қорытындай келе, антибиотиктерді дұрыс және жауапкершілікпен қолдану – болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін жасалатын үлкен қадам. Ғылым мен медицинаның бұл жетістігін орнымен пайдалану – баршамыздың ортақ міндетіміз.
С.Кожанбекова,
Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының
бөлім басшысы.