Ақпараттық портал

Ауруды асқындырудың салдары ауыр

2026 жылдың 24 ақпан – 24 наурыз аралығында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық өткізілуде.
«Туберкулезді тоқтату» жаһандық серіктестігі 2026 жылды Дүниежүзілік туберкулезбен күрес жылы деп жариялады. Туберкулезбен күрес айлығының 2026 жылғы ұраны-«Иә, біз туберкулезді жеңеміз! Қазақстанның көшбасшылығы, инновация және халықтың күшімен. Да, мы можем победить туберкулез! Лидерство Казахстана. Инновации и сила людей. Yes! We Can End TB! Led by Kazakhstan. Powered by Innovation and People».
Туберкулез жұқпалы ауру болғандықтан туберкулез бактериясы ағзаға түскенде тез дамиды, ол негізінен өкпені, ішінара бүйректі, омыртқаны, лимфа түйіндерін, миды және басқа мүшелерді зақымдайды.
Туберкулез инфекциясының көзі-науқас адам. Науқас сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде туберкулездің қоздырғышы ауаға тарайды. Туберкулез ауру адаммен тікелей қарым-қатынас жасағанда, ауру адамның заттарымен пайдаланғанда және жұртшылық көп жиналған жерде, ауа арқылы түшкіргенде, жөтелгенде жұғады. Туберкулезбен үй жануарлары да ауырады, сондай-ақ үй жануарларының сүтін дұрыс қайнатпай немесе етті шала пісіріп жегенде адамға жұғуы мүмкін. Аурған малдың зиянды әсері осындай малдарды соятын арнаулы қасапханада істейтін адамдар үшін өте айрықша. Қолдағы кішкентай жаралар арқылы өтеді, микробтар қанға түседі.
Туберкулез ауруының мынадай белгiлерi бар:
– жөтелге қарсы кәдiмгi дәрi-дәрмектер мен антибиотиктердi қолданғанымен жазылмай, 2 аптадан аса уақытқа созылатын жөтел;
– кеуденiң ауруы;
– кейде қан аралас жалқықты немесе iрiңдi қақырық;
– әлсiздiк, шаршау, нашар тәбет, дене салмағының азаюы;
– дене температурасының жоғарылауы, әсіресе кешкі уақытта;
– тершеңдік, қалтырау.
Аурудың дамуына әсер ететін факторлар:
– иммунитеттің әлсіздігі;
– дұрыс тамақтанбау;
– қатар жүретін ауыр аурулар (қант диабеті, асқазан жарасы, АҚТҚ және басқалар);
– гипотермия, созылмалы күйзелістік жағдайлар;
– зиянды әдеттер.
Белсенді туберкулезбен ауыратын бір науқас 10-15 адамға жұқтыруы мүмкін, туберкулездің симптомсыз кезеңі ұзақ болуы мүмкін. Жер планетасындағы әрбір үшінші адам туберкулездің тасымалдаушысы болып табылады және аурудың жүз тасымалдаушысының бесеуі ғана белсенді кезеңге өтеді.
Туберкулездің алдын алу шаралары:
1. БЦЖ вакцинасы перзентханада баланың 1-4 күндерінде міндетті түрде енгізіледі. Келесі ревакцинация 6-7 жаста жасалады;
2. Уақытылы анықталып, дер кезінде емдеу басталғанда туберкулез емделетіндігін есте сақтаған жөн. Өкпе туберкулездің уақытылы анықтау үшін қақырыққа бактериоскопиялық зерттеу жүргізіледі. Балалардың туберкулезді жұқтыруын уақытылы анықтау үшін Манту сынамасы салынады. Манту сынамасы бір жастан бастап 15 жасқа дейін, жылына 1 рет салынады;
3. Туберкулезді ерте анықтау мақсатында ересектер жылына бір рет флюорографиялық тексеруден өтуі тиіс;
4. Жеке бас гигиенасы ережесін сақтау – жуу құралдары мен ағын суды пайдаланып қолды, ыдысты жуу, бөлмеге ылғалды тазалық жүргізу және желдету;
5. Дұрыс тамақтана отырып (ет, сүт өнімдері, балық, дән тағамдары, көкөністер мен жидектерді асқа жеткілікті мөлшерде пайдалану), салауатты өмір салтын ұстану, тұрақты түрде денешынықтыру жаттығуын жасау, қалыпты демалыс, таза орта, темекі, алкоголь, есірткіден аулақ болу.
Адамдар ағашқы белгілерге мән бермей, дер кезінде дәрігерге қаралмай, «жедел респираторлық инфекция» деген диагноз қойып, өзін-өзі емдейді. Егер аурудың өткір белгілері пайда болса, дереу дәрігерге хабарласқан дұрыс, өзін-өзі емдеуге болмайды. Уақытылы медициналық көмекке жүгінбеу, аурудың асқынған ағымына әкелетінін есте ұстаған жөн. Туберкулез емделеді. Егер, аурудың алғашқы белгілері білінген кезде емханаға барып, тексеруден өтіп, уақытылы емдеуді бастасаңыз, ауру қайғылы жағдайға соқтырмайды.
Есіңізде болсын, сіздің денсаулығыңыз – өз қолыңызда!

Сәуле Кожанбекова,
Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.