Ақпараттық портал

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына төнген қауіп

Сыбайлас жемқорлық – әлемнің барлық елдерінде кездесетін, мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын тежейтін аса күрделі құбылыс. Ол мемлекеттік органдардың тиімділігін төмендетіп, азаматтардың билікке деген сенімін әлсіретеді, әділетсіздік пен теңсіздікті күшейтеді. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күрес – кез келген мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар міндет.

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік немесе қоғамдық қызметтерді жеке пайда көздеу мақсатында теріс пайдалану. Парақорлық – лауазымды тұлғаның қызметін өзгерту немесе жеңілдету үшін ақша не сыйлық беру.
Қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану – өз мүддесі үшін заңды жағдайды бұрмалау. Туыстық және таныстық арқылы қызметке орналастыру – кәсіби қабілетіне қарамай, жақындарын қолдау да сыбайластық болып табылады.

Бұл әрекеттер қоғамдағы басқару жүйесінің әлсіреуіне, мемлекеттік шешімдердің тиімді болмай, әділ бәсекенің бұзылуына әкеледі.

Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға әсері:
1. Экономикалық шығындар – бюджеттің тиімсіз жұмсалуы, инвестицияның азаюы, көлеңкелі экономиканың өсуі.
2. Әлеуметтік теңсіздік – халық арасында әділетсіздік сезімін тудырып, қоғамдық наразылыққа әкеледі.
3. Мемлекеттік институттарға сенімнің азаюы – сот, құқық қорғау, мемлекеттік басқару органдарының беделі төмендейді.
4. Демократиялық құндылықтардың әлсіреуі – ашықтық пен есептілік талаптары орындалмайды.

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына елеулі қауіп төндіретін күрделі мәселе. Онымен күрес мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті болуы тиіс. Әр азамат заңдылықты сақтап, әділдік қағидаттарын ұстанғанда ғана сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетіп, ашық әрі әділетті қоғам құра аламыз деп санаймын!

М. МАЗАМАДИЕВ, Жаңақоғам ауылдық округінің әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.