“Заң және тәртіп” қағидаты аясында мектепаралық квест ойыны өтті
Бүгін Жиенбет негізгі мектебінде “Сенің құқығың – сенің қорғаның” тақырыбында 5 мектептің қатысуымен мектепаралық квест ойыны ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңды құрметтеуге тәрбиелеу және өмірлік жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай білу дағдыларын қалыптастыру.
Квест ойыны барысында қатысушылар командалық жұмыс жасап, құқықтық тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен белсенділіктерін көрсетті.
🏆 Жеңімпаздар:
• 🥇 1-орын – Жиенбет негізгі мектебі
• 🥈 2-орын – Ә. Молдағұлова атындағы мектеп
• 🥉 3-орын – Мойынқұм орта мектебі
Ойын соңында барлық қатысушы оқушылар марапат қағаздары мен сыйлықтарға ие болды.
Мұндай мазмұнды іс-шаралар оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, азаматтық жауапкершілігін арттырады.