Сыбайластық сан соқтырады
Бүгінгі таңда «Заң мен тәртіп» қағидатын берік орнықтыру мақсатында елімізде түрлі деңгейдегі іс-шаралар өткізіліп, сыбайлас жемқорлық дертімен күресу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оған дәлел, Шу аудандық орталық ауруханасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс қызметінің Комплаенс офицері Ж.Б.Беймбетова мен аудит маманы Т.З.Аристеевтің ұйымдастыруымен ота бөлімінің медициналық қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және науқастардың алып жатқан медициналық қызметінің сапасын анықтау мақсатында алынған талдау сауалнамасы.
Сыбайлас жемқорлық – мемлекет дамуына тежеу болатын қауіпті құбылыс екенін және елімізде оның тамырына балта шабу үшін үздіксіз күрес жүргізіліп жатқанын тілге тиек еттік. Жемқорлықтың алдын алудың бірден-бір жолы – оған қарсы мәдениетті қалыптастыру.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №342 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексінің» 3 тарауы азаматтық қызметшілерге қойылатын әдеп талаптарының бірі:
10) «Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға және заңнамада белгіленген тәртіппен оның алдын алу бойынша шаралар қабылдауға;
11) Лауазымдық міндеттеріне сәйкес болуы, әдептілік танытуға, пара алуға байланысты пікірлерге және әрекеттерге не парақорлыққа делдал болуға жол бермеуі делінген.
Жоғарыда айтылған себептерді анықтау мақсатында аудандық аурухана әкімшілігі стационарлық жағдайда медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылықты анықтау үшін талдау сауалнамасын жүргізуге шешім қабылдады.
Сауалнама арқылы көрсетілген медициналық қызметінің сапасын анықтай отырып, әрі қарай жұмыста ескерілетін болады. Сауалнама қорытындысы бойынша науқастар тарапынан медициналық қызметкерлердің қызметіне шағымдар мен ескертулер болған жоқ. Пациенттерге денсаулық саласында сыбайлас жемқорлыққа жол беруге болмайтындығы ескертілді. Әрбір пациент медициналық көмекті заңға сәйкес, ешқандай бейресми төлемсіз алуға құқылы екендігі түсіндірілді.
– Дәрігерге пара беру – заңға қайшы әрекет және жауапкершілікке әкеп соғады. Денсаулық саласындағы жемқорлықтың белең алуы қоғамның медицина қызметкерлеріне деген сеніміне нұқсан келтіреді. Егер азаматтар ақ халатты жандарға ризашылығын білдіргілері келсе, баспа беттері арқылы алғыс білдіріп немесе әлеуметтік желілерде оң пікір қалдырса, нұр үстіне нұр болмақ,-деді Жанаткүл Бағзатқызы.
Аудандық орталық
ауруханасы.