Ақпараттық портал

Жыр алыбына тағзым

Қонаев ауылдық мәдениет үйінде қазақ поэзиясының алыбы, жыршы-жырау Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Жырмен өткен бір ғасыр» атты мерекелік жыр кеші жоғары деңгейде өтті.
Кеш тізгінін ұстаған Б.Дүйсенова ақынның ғасырға жуық ғұмыры мен өнегелі өмір жолына шолу жасап, кеш шымылдығын ашты. Іс-шара аясында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы Ж.Ноғайбаева ақынның шығармашылық мұрасы мен сирек кездесетін туындылары туралы терең мағлұмат берді.
Кештің құрметті қонағы Н.Храмов ақын өлеңдерінен үзінді оқып қана қоймай, әр шығарманың шығу тарихына тоқталып, көрерменді тарих қойнауына жетеледі. Сондай-ақ, «Көркемсөз» үйірмесінің мүшелері Жамбыл атамыздың отты жырларын нақышына келтіріп оқыса, өнерпаз Б.Жапау ақынның «Балаларыма» атты әнін асқақтата орындап, жиналған қауымның ықыласына бөленді.
Рухани азық сыйлаған бұл кеш қазақ әдебиетінің асыл қазынасын ұлықтаудың жарқын үлгісі болды.

Бибігүл Дүйсенова,
Қонаев ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.