Ақпараттық портал

Ел чемпионатының күміс жүлдегерлері

Ақтөбе қаласында өткен 2013 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында Шу ауданының жас футболшылары жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, ІІ орынға ие болды.
Команданы жарысқа дайындап, республикалық додада табысты өнер көрсетуіне жетекшілік еткен БЖСМ №36 аға жаттықтырушысы Берік Аузбаевтың еңбегі зор. Оның шәкірттері Шу өңірінің намысын абыроймен қорғап, ел чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.
Чемпионат қорытындысы бойынша команда ойыншысы Нұрмұхамед Құндызбай «Үздік ойыншы» атанып, арнайы марапатқа ие болды.
Қаладағы теміржол вокзалында жас спортшыларды туған жерге оралуымен жанкүйерлер, ата-аналар мен спорт сүйер қауым салтанатты түрде қарсы алды. Сондай-ақ, Шу қаласының әкімі атынан спортшыларға арнайы сыйлықтар табысталды. Марапаттарды Шу қаласы әкімінің орынбасары Болатжан Төлендиев табыстап, жас футболшыларды жарқын жеңістерімен құттықтады.
Жас спортшылар мен жаттықтырушы Берік Аузбаевты айтулы жетістіктерімен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа белестер мен үлкен жеңістер тілейміз!
Фариза Нұрханқызы,
Шу ақпараттық медиа орталығының тілшісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.