Ақпараттық портал

Тәжірибе мен нәтиже үндестігі

Еліміздің білім беру жүйесін дамытудағы маңызды қадамдардың бірі педагогтердің біліктілігін арттырып отыру. Кәсіби даму институты ұйымдастырған біліктілікті арттыру курстары педагогтердің үздіксіз білім алуына жол ашып, білім беру сапасын арттыруға, жаңашыл әрі бәсекеге қабілетті мұғалім қалыптастыруға зор ықпал етеді. Осындай оқыту курсы Шу ауданының тарих және құқық негіздері пәні мұғалімдеріне арналған «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Тарих» және «Құқық негіздері» курсы жүргізілуде.
Бұл бағдарлама педагогтердің практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған және қысқа мерзімді жоспарлар, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға негізделген тапсырмалар, бағалау әдістерін қолдану мен бағалау критерийлерін әзірлеу, сабақ барысында цифрлық ресурстар мен жасанды интеллект технологияларының құралдарын пайдалану сынды нақты құралдарды әзірлеуді қамтиды. Курстың әрбір модулінің практикалық тапсырмаларды орындауға бағытталуы игерілген тәсілдер мен технологияларды «Тарих» және «Құқық негіздері» пәндерін оқыту тәжірибесіне тікелей енгізуге мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында педагогтер заманауи оқыту стратегияларын меңгереді, бұл оларға білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық және халықаралық талаптарға сәйкес сабақты жобалауға көмектеседі.
Сонымен қатар, педагогтер оқыту сапасы мен мотивациясын арттыруға бағытталған заманауи цифрлық құралдарды тиімді пайдалану дағдыларын меңгереді.
Курстағы тақырыптардың жаңашылдығы құқықтық реттеу, құндылықтық тәрбие, инновациялық әдістер, цифрландыру және зерттеушілік тәжірибелерді біріктіру арқылы педагогтың кәсіби дамуының заманауи білім алушыларды тек фактілерге емес, сонымен қатар құқықтық, цифрлық және құндылыққа бағытталған қоғамда өмір сүруге үйретуді қамтитын моделін қалыптастырудағы кешенділігі мен пәнаралық байланысқа негізделуінде.

Аманкүл Есмырзаева,
«Өрлеу» кәсіби даму институтының
аға оқытушысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.