Ақпараттық портал

Аудан әлеуеті – аймақ дамуының берік негізі

Шу ауданының әкімі Б.Жәнібековтің Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында сөйлеген сөзі.

Қайырлы күн, құрметті облыс тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және әлеуметтік желі қолданушылары!

2026 жылдың төрт айында ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері төмендегідей қалыптасты.
Өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі – 31,8 млрд теңге, НКИ 119,3 пайыз (2025 ж. – 11,9 млрд теңге, НКИ 106,0 пайыз);
Ауыл шаруашылығы өнімі көлемі – 7,0 млрд теңге, НКИ 100,9 пайыз (2025 жылы – 5,6 млрд теңге, НКИ 101,4 пайыз);
Инвестиция көлемі – 108,3 млрд теңге, НКИ 361,1 пайыз, (2025 ж – 28,6 млрд теңге, НКИ 155,8 пайыз);
Құрылыс жұмыстары – 6,4 млрд теңге, НКИ 151,9 пайыз, (2025 ж – 4,0 млрд теңге НКИ 41,2 пайыз);
Тұрғын үй көлемі – 8937 шм НКИ 100,3 пайыз, ( 2025 жылы – 8913 м2, НКИ 102,1 пайыз);
Сауда айналымы – 8,9 млрд теңге, НКИ 102,0 пайыз, (2025 жылы – 7,9 млрд, НКИ 101,7 пайыз).

Ауданға инвестиция тарту бойынша
Бүгінгі күнге жалпы құны 1,0 трлн теңгені құрайтын 33 инвестициялық жобалармен жұмыс жүргізілуде (28 жоба «Jibek joly» АЭА аумағында орналасқан). 2025 жылы жалпы 30 инвесторлармен кездесулер өткізілсе, 2026 жылы 15 кездесу өткізілді. Оның ішінде, 65,9 млрд теңгені құрайтын 10 жоба іске асырылған, 918,0 млрд теңгені құрайтын 11 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде (3865 жұмыс орындары) және 29,5 млрд теңгені құрайтын 12 жоба жобалау сатысында (680 жаңа жұмыс орындары). Аталған жобалар іске асырылған кезеңде, 5000–ға жуық жаңа жұмыс орындарының ашылуы күтілуде.
Бұрын «ХимПарк» атауымен танылған, қазіргі таңда «Jibek joly» арнайы экономикалық аймағы өңірдің инвестициялық және өндірістік әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқаруда. Бүгінгі күнге аймақта жалпы құны 969,8 млрд теңгені құрайтын 28 қатысушы тіркеліп, 8 жобаның қарқынды құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Іске асырылып жатқан жобалардың ішінде «Shengtai Biotech Co» (Фуфенг) компаниясының жүгеріні терең өңдеу зауыты жобасына ерекше тоқталып өткім келеді. Аталған жобаның құрылыс жұмыстарына бүгінгі күнге 80 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылып, құрылыс қарқынды жүргізілуде.
Жобаны кезең-кезеңімен іске асыру көзделген. Алғашқы өндірістік желілердің тестілік режимде іске қосылуы ағымдағы жылдың шілде айына жоспарланған. Ал толық қуаттылығына 2031 жылы шығып, 1500 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылып, жылына 5 млн тоннаға дейін өнім өңдейтін Орталық Азиядағы ең ірі кәсіпорындардың біріне айналады.
Бұл жоба тек өнеркәсіп саласының дамуына ғана емес, өңір экономикасының жандануына да үлкен серпін береді. Зауыттың негізгі шикізаты жүгері болғандықтан, жергілікті шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін өнім өткізуге тұрақты нарық қалыптасады және логистика, көлік тасымалы, қоймалау, техникалық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, құрылыс және сервистік қызметтер салаларында жаңа бизнес мүмкіндіктері пайда болады.
Соның нәтижесінде жүгері егісінің көлемі артып, ауыл шаруашылығы саласына қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік туады.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы

Шу ауданында 2019 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы 5 ауылдық округте іске асырылған. Жобаның 5 бағыты бойынша 715 өтінім қарастырылып, барлығы 4,2 млрд теңгеге несиелендірілді.
2026 жылы 13 жобаның құжаттары «Тараз» ӘКК-ге тапсырылған. Оның ішінде 41,3 млн теңгеге 6 жоба несиелендірілді, 65,8 млн теңгеге 4 жоба қаралуда. Бүгінгі күнге 14 жобаның құжаттары жинақталуда. Аталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Жайылым

Жерлердің пайдалануына тұрақты түрде зерделеу жұмыстары жүргізіліп отырады.
Нәтижесінде 2023-2025 жылдар аралығында 46 690 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.
Ақпарат үшін:
2023 жылы 23 335 гектар (о.і. 358 га суармалы егістік; 4 869 га тәлімі егістік; 18 108 га жайылымдық).
2024 жылы 9 926 гектар (о.і. 3970,3 га – тәлімі егістік, 5951,3 га – жайылымдық, 5,2 га өзге жерлер).
2025 жылы 13 429,0 гектар жер қайтарылды (о.і. егістік жерлер – 7 135,1 га, жайылым жерлер 6 242,0 га, бөгде жер – 51,9).
Сонымен қатар, жайылым тапшылығын шешу мақсатында, жалпы ауданы 35 755 га жайылымдық жер қайта айналымға енгізілді. (2024 жылы 23 294 га (Шоқпар а/о – 5000 га, Бірлік а/о – 2000 га, Жаңақоғам а/о – 3606 га, Далақайнар ауылы – 4000 га, Өндіріс а/о – 5223 га, Жаңа жол а/о – 3465 га. 2025 жылы 7737 га (Бірлік а/о – 2000,0 га, Жаңа жол а/о – 37,0 га, Тасөткел а/о – 2800,0 га, Қорағаты а/о – 2900,0 га).
2026 жылға жалпы 5,0 мың га жер телімдерін қайтаруды жоспарлап отырмыз.
Жыл басынан Өндіріс ауылдық округіне 5223,0 га жер учаскесі бекітіліп берілді.
Қорағаты ауылдық округіне 2300 га жер қосу бойынша жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, Шоқпар ауылдық округіне 10 000 га аудандық жер комиссиясының оң қорытындысы алынып, жерге орналастыру жұмыстары рәсімделуде.
Жылдық жоспарға сәйкес 7,0 мың га жер телімдерін конкурс арқылы қайта айналымға енгізіп, ағымдағы жылдың 27 шілдесінде бірінші конкурс өткізу жоспарлануда (262 га, 40 лот).

Ауыл шаруашылығы

Шу ауданы – Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі.
Аудан бойынша 139 451 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерлер бар. Оның ішінде, 32 057 гектар суармалы, 107 394 гектар тәлімді егістік жерлер.
2025 жылы 82 779 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, 867 274 тонна өнім жиналған.
Ауыл шаруашылығы бағыттарының ішінде қант қызылшасы өндірісі аудан экономикасы үшін маңызды бағыттардың біріне айналып отыр. Бұл салада ауданның ірі кәсіпорындарының бірі – «Qyzylsha Zher» ЖШС.
Компания заманауи агротехнологияларды тиімді пайдалану арқылы егіс алқаптарының өнімділігін арттыруға, су ресурстарын үнемді пайдалануға және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін көтеруге ерекше мән беруде. Оның ішінде, су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізіп, егістік алқаптарын тиімді суару мақсатында жаңбырлатып суару жүйелерін қолдануда.
2026 жылы компания 700 гектар жерге қант қызылшасын егіп, аталған бағыттағы өндіріс көлемін арттыруды жоспарлап отыр.
Өсірілген қант қызылшасы өңірдегі қант өндірісін дамытуға бағытталып, соның ішінде Меркі ауданындағы қант зауытын сапалы шикізатпен қамтамасыз етуге маңызды үлес қосуда.

Каналдарды жөндеу

Аудан аумағында барлығы – 102 су жүйелерінің нысандары бар. Атап айтқанда, 3 су қоймасы (Тасөткел, Ақсу, Сарғау), 4 су бөгеттері (Алтай, Бұланбай, Көкөзек, Қайыңды), 1 су торабы (Жаңа жол а/о) 3 магистралды канал (ТМК, ЛМК, ПМК) және 91 шаруашылық каналдар бар.
Ирригациялық жүйелерді жақсарту бағытында ауданымыздағы жалпы 94 каналды толыққанды жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Бұл бағытта, 2019 жылдың қыркүйек айында ПУИД-2 жобасы бастау алып, 2025 жылдың қыркүйек айында аяқталған.
Жоба аясында, жалпы ұзындығы 94,9 шақырымды құрайтын 15 канал мен 2 коллектор қалпына келтірілген.
Қалған 79 каналдың жөндеу жұмыстарын 3 кезеңде жүргізу жоспарланған.
І–кезеңде жалпы құны 1,96 млрд теңгені құрайтын 22 каналды жөндеу жоспарланып, бүгінгі күнге 19 каналының құрылысы толық аяқталған (Далақайнар – Р-1, Р2, Р-3, Р-4, Төле би – ЛНХ-4, Қорағаты – ЛДРХ-2, Ескі-Шу – ТБХ-2, ТБХ-1, Бірлікүстем – ТЧХ-1, Жаңақоғам -ТДЖХ-1, ТДЖХ-6, ТДЖХ-2, Қонаев – ТЛХ-1а, ТЛХ-3, ТЛХ – 2; Бірлікүстем – ТЧХ-2, ТЧХ-3а, Қонаев – ТЛХ-1-1а, ТЛХ-4, ТЛХ-5, Төле би – ЛНХ-2, Қорағаты – ЛДРХ-3.).
Қалған үш каналдың (Қонаев – ТЛХ-2, ТЛХ – 3, Қорағаты – ЛДРХ – 3) құрылыс жұмыстарын 2026 жылдың вегетациялық кезеңінің соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
ІІ–кезеңде 2026-2028 жылдар аралығында «Ислам даму банкі» несиесі арқылы құны 75 млрд теңгеге 43 каналға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда, каналдардың жөндеу жұмыстарын жүргізетін 6 мердігер ұйымдар анықталып, келісімшартқа қол қойылып, құрылыс жұмыстары басталды.
(ТМК, Р-1, Далақайнар-2, К-1, ТДЖХ-4б, ТДЖХ-4а, ТДЖХ-5, ТДЖХ-3а, ТДЖХ-3б каналдарына – «КазКомСервис» ЖШС, ТБХ-3, ТБХ-4, ТБХ-5, Ынталы, ТНХ-1, Тоғанбай, Труба-2 каналдарына – «Мелиаратор» ЖШС, ТНХ-2, ТЧХ-3б, ТЛХ-1б, ТЛХ-1-1б каналдарына – «Баймен» ЖШС, ПМК, Больничный-1, Бирлик – «Chaina Railway Group Co Ltd.» бюро №9, МК каналына – «Sinohydro Group Co Ltd.» бюро №6 және ЛМК каналының арналарына – «Каз Инвест Строй»).
ІІІ–кезеңде 2028-2030 жылдар аралығында пайдалану қажеттілігіне қарай қалған 14 каналға жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Тұрғын үй

Ауданда тұрғын үй кезегінде қазіргі уақытта 2945 азамат тіркелген. 2025 жылы 47 азамат баспаналы болды. Биыл 2025 жылы сатып алынған 140 үй тұрғын үйлердің кілттерін табыстау жоспарлануда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылға аталған бағдарлама арқылы 20 үйдің құрылысына қаржы қарастырылып, қосымша 80 үйге сұраныс берілді.

Ауыз су

Ауданда 35 елді мекен бар. Барлық елді мекен ауыз сумен толық қамтылған немесе 100 пайызды құрайды.
2023 жылы Шу қаласы бойынша ауыз су жүйелері мен кәріз су жүйелері «Теміржолсу Алматы» мекемесінен қабылданды. Шу қаласы бойынша 228,2 шақырым су құбыры және 25,6 шақырым кәріз жүйесі орналасқан. Ауыз су мен кәріз жүйелерін толықтай жаңартуымыз қажет.
Қазіргі уақытта Шу қаласы сумен қамтамасыз ету нысандары толыққанды жұмыс істеп тұр және 8198 тұтынушыға қызмет көрсетілуде.
Шу қаласындағы өзекті мәселелердің бірі – «Батыс» мөлтек ауданына жақын орналасқан шайынды су сүзу алаңдарынан шығатын жағымсыз иіс. Аталған мәселені шешу мақсатында «Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласының тұрғын үй алаптарының су бұру жүйелерінің құрылысы» жобасының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Қазіргі уақытта жобаны қаржыландыру мәселесі бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Газ мәселесі

Шу ауданындағы 35 елді мекеннің табиғи газбен қамтылғаны 18 е.м. немесе 51,42 пайызды құрайды.
Қамтылған 18 е.м. – Шу қаласы, Жаңа жол, Көкқайнар, Белбасар, Еңбекші, Төле би, Бірлік, Қонаев, Көктөбе, Бірлікүстем, Алға, Сауытбек, Жайсан, Тасөткел с.қ., Абай, Оразалы батыр, Ақсу, Тасөткел.
Құбыры тартылған 5 е.м. – Мойынқұм, Жиенбет, Еңбек, Ақтөбе, Аспара.
Қалған 6 е.м. – Бәйдібек, Бөлтірік, Балуан Шолақ, Далақайнар, Шоқпар, Шоқпар станциясына ішкі жүйеге ЖСҚ әзірленіп (жалпы құны 2,6 млрд теңге), сараптамадан оң қорытындысы алынып, бюджеттік өтінім берілді.
Энергетика басқармасы тарапынан 2 ірі жоба іске асырылуда. 18 елді мекенге газ магистр құбырын тарту және АГРС құрылысын жүргізу.
Шу ауданындағы өзекті инфрақұрылымдық жобалардың бірі – «Шу» автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы». Қазіргі таңда жоғары қысымды газ құбырының құрылысы толық аяқталғанымен, қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты АГТС құрамындағы технологиялық қондырғыларды орнату жұмыстары толық аяқталмай, құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Жобаны аяқтау үшін республикалық бюджеттен қосымша 3,0 млрд теңге қажет. Қаржы бөлінген жағдайда жоба толық іске асырылып, Шу және Мойынқұм аудандарының тұрғындары табиғи газбен қамтамасыз етіледі.
Қонаев ауылындағы АГТС құрылысы аяқталмай, қалған елді мекендерге қысым төмен болғандықтан газ жібере алмаймыз.
6 ауылды газдандыру экономикалық жағынан тиімсіз, қосылу нүктесінен алшақ және халық саны аз.
Олар Көкжиек (200), Құмөзек разъезі (116), Еспе станциясы (278), Алайғыр (159), Құлақшын (192), Жиделі (134) ауылдары.

Білім нысандары

Ауданның орта білім беру жүйесі 46 мектептен құралған. Оның ішінде бірқатар объектілер жөндеу жұмыстарын қажет етеді. 2024 жылдан бастап бұл бағытта кезең-кезеңімен жүйелі түрде жұмыстар атқарудамыз.
2025 жылы 2 жоба күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталған (Шу қ. А.С.Макаренко о.м., Тасөткел а., Ш.Мұртаза о.м). Бір жаңа мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді (Жиенбет а. 100 орындық мектеп).
Білім нысандары бойынша бүгінгі күнге жалпы 9 жобаны іске асырып жатырмыз.
3 күрделі жөндеу жобасы қолдау тауып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде (Абай ауылы – Абай орта мектебі, құны 380,5 млн теңге; Көкқайнар ауылы – С.Естемесов атындағы орта мектебі, құны 415,7 млн теңге; Мойынқұм ауылы – Мойынқұм орта мектебі құны 624,3 млн теңге).
2 жаңа құрылыс нысаны – Жайсан (1,67 млрд теңге) мен Көктөбе (1,64 млрд) ауылдарында 120 орындық мектептердің құрылысы.
2025 жылдан 2026 жылға өтпелі 4 нысанда (жапсарлас ғимарат) құрылыс–монтаждау жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Атап айтсақ, (Шу қаласы – Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп, Төле би ауылы – С.Шәкіров атындағы мектеп, Шоқпар ауылы – М.Дулатұлы атындағы мектеп, Еңбекші ауылы – Еңбекші орта мектебі).
Бүгінгі күнге аталған нысандарда жүргізіліп жатқан жұмыстарды жаңа 2026-2027 оқу жылы басталғанға дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарымызда бар.

Спорт нысандары

Ауданымызда спорт саласының дамуы қарқынды.
2025 жылы спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында 7 жобаға жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп (жалпы құны 2,8 млрд теңге), бюджеттік өтінімдер ұсынылған болатын.
Оның ішінде Жаңа жол және Шоқпар ауылдық округтерінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы бастап, өтпелі жоба ретінде іске асырдық.
Жаңа жол ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені (құны 433,4 млн теңге) құрылысы толық аяқталып, 2026 жылдың 17 сәуірінде жергілікті халықтың игілігіне берілді.
Шоқпар ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені (құны 433,4 млн теңге) бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысанды 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.
Сонымен қатар, демеушілік қаражат есебінен, яғни «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің демеушілігімен бірқатар жобалар жүзеге асырылған.
Шу қаласы мен Бірлік ауылында салынған 2 ангарлы типтегі спорт залының құрылысы толық аяқталып, 2026 жылдың сәуір айында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді. (Қазақстан халқына қоғамдық қоры).
Көкқайнар ауылындағы күрес спорт залының құрылысы аяқталып, 2026 жылдың маусым айында тұрғындар игілігіне берілді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Шу қаласында жоба құны 650,0 млн теңгені құрайтын 108 орындық спорттық-сауықтыру кешенін салу жоспарлануда. Бұл нысан аудан тұрғындары үшін жаңа спорттық инфрақұрылым қалыптастырып, бұқаралық спорттың дамуына қосымша серпін береді.
Аталған нысандардың пайдалануға берілуі нәтижесінде тұрғындарға кіші футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, қазақ күресі және басқа да спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысуға қолайлы жағдай жасалды.
Бұдан бөлек, бюджет қаражаты есебінен 2025 жылы Шу қаласында балаларға арналған жалпы құны 97,9 млн теңгені құрайтын 7 жоба іске асырылса, 2026 жылы жалпы құны 151,5 млн теңгеге 9 балалар ойын алаңын орнату жоспарланған. Бұдан бөлек, №10 колледж маңында құны 17,2 млн теңге болатын шағын футбол алаңы салынып, шілде айында пайдалануға беріледі.
Нәтижесінде, ауданның спорт инфрақұрылымы айтарлықтай нығайып, тұрғындардың спорт нысандарына қолжетімділігі артты. Қазіргі таңда пайдалануға берілген және жүзеге асырылып жатқан жобалар бұқаралық спортты дамытуға, жастарды дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тартуға және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізуде.
Жолдар жөндеу жұмыстары

Шу қаласында жалпы ұзындығы 204,2 шақырымды құрайтын 313 көше бар. 2025 жылға, оның 119-ы асфальтталмаған болатын, яғни 39 пайызы.
2025-2026 жылдарға құны 716,3 млн теңгеге ұзындығы 21 шақырым болатын 44 көшеге асфальт төсеу жұмыстары бастау алып, бүгінгі күнге 28 көшесі толығымен аяқталды. Асфальтталған көшелердің үлесі 222 көше немесе 71 пайыз жетті. Ал қалған 18 көшенің жұмыстары ағымдағы жылдың шілде айынан бастап жасалатын болады.
Бұдан бөлек, 2026 жылға жалпы ұзындығы 20 шақырым болатын 35 көшеге асфальт, 2 көшеге жаяу жүргіншілер жолының ЖСҚ дайын. (Жобалардың жалпы құны – 709,1 млн теңге).
Сонымен қатар, Дулат ауылдық округі Бөлтірік ауылындағы көшелерді және Сауытбек ауылына кіреберіс аудандық маңызы бар жолды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, алайда кейбір учаскелерде жұмыстарды толық аяқтау үшін мердігерді анықтау және асфальт төсеу жұмыстары күтілуде.
Шу ауданындағы өзекті мәселелердің бірі – «Шу–Қайнар» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 0–56 шақырым аралығындағы күрделі жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуы.
Қазіргі уақытта мердігер ұйымдар тарапынан жолдың әр учаскесінде құрылыс-монтаж және жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жобаны келесі жылдың қорытындысымен толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.

Жасыл белдеу

Ағымдағы жылы аудан бойынша «Жасыл белдеу» өңірлік жоспарын орындау үшін, 20 мың түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көктем айында аудан бойынша 10 акция өткізілді.
Ақпарат үшін: («Тазарту күні», «Мөлдір бұлақ», «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні», «Болашақты бірге отырғызамыз», «Жасыл қала», «Жасыл аймақ», «Таза кәсіп – таза аймақ», «Таза өлке», «Киелі мекен», «Өнегелі ұрпақ»).
Жалпы, акция аясында бүгінде 7700 түп ағаш отырғызылды.
Мәселен, «Тазарту күні» іс-шарасы аясында Шу қаласына 1000 дарақ (Шу қаласына кіреберіске).
«Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу күні» атты акция аясында 1500 сәндік көшет (Төле би ауылдық округі аумағында орналасқан оқушылар сарайы алдына).
Ақсу ауылына 200 дана сәндік ағаш.
Шу қаласы, «Жеңіс» саябағына 500 дана сәндік ағаш.
Жүгері зауытына 3000 дана сәндік ағаш.
Бірлік ауылына «Қазақмыс» ЖШС-нің демеушілігімен 1500 түп сәндік ағаш отырғызылды.
Бұл жоба басқа да елді мекендерде іске асыру жоспарда (2026 жылға жалпы 44 мың ағаш отырғызу жоспарда тұр).

Абаттандыру және көгалдандыру

2026 жылы Шу қаласы, С.Сейфуллин көшесінен бастап Орынбаев көшесіне дейін құны 71,2 млн теңгеге 2,2 шқ құрайтын жаяу жүргіншілер жолы және №40 мектеп-лицейінің маңына автотұрақтың аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Республикалық маңызы бар тас жолының Шу қаласы аумағынан өтетін С.Сейфуллин көшесі бойынан Аспалы көпір аумағына жаңа үлгідегі жарықтандыру және арнамент орнату (17,3 млн) жүргізілді.
Сонымен қатар, Қ.Сәтпаев пен С.Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары (12,7 млн) жүргізілді.
Сондай-ақ, «Ерке Сылқым» аллеясы аумағын абаттандыру (55,9 млн), Қ.Сәтпаев №159 көшесі бойына сквер салу жұмыстарын жүргізу (47,7 млн). Арқалық көшесі бойындағы балалар ойын алаңын орнату және абаттандыру (44,6 млн) жобаларының мердігері анықталып, жұмыстар жақын күндері бастау алады.
Сонымен қатар, қаламыздың басты көрінісі – тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу вокзалы. Бұл – еліміздегі теміржол саласындағы маңызды нысанның бірі. Аталған нысан 1989 жылы салынған. Вокзалдың жалпы ауданы – 7 035 шаршы метрді құрайды. Сол уақыттан бері вокзал күрделі жөндеу көрмеген. Бүгінде екіқабатты еңселі ғимараттың тозығы жеткен. Вокзал арқылы әр тарапқа күн сайын 2000-2500 шамасында адам қатынайды. Күніне осынша адам вокзал ғимаратының ішіне кіріп-шығады. Келетін пойызын сағаттап күтіп отыратын жолаушылар да аз емес.
Осыған байланысты «Қазақстан Теміржолы» АҚ тарапынан күрделі жөндеу жұмыстарына 3,4 млрд теңгеге жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, жұмыстар басталды.
Бұдан бөлек, Шу теміржол вокзалының алдымен перронға абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына құны 524,2 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Негізгі ғимаратты жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары бастау алатын болады.
Жалпы, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жоспарланған жобалардың уақытылы іске асырылуы мен инвестиция тарту шараларының нәтижесінде ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша оң өсім сақталып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға қол жеткізіледі деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.