Ақпараттық портал

Сайлау мәдениеті – қоғамдық жауапкершіліктің көрінісі

Қоғамның саяси мәдениеті мен азаматтық белсенділігін айқындайтын маңызды факторлардың бірі – сайлау мәдениеті. Азаматтардың өз таңдауын саналы түрде жасап, қоғамдық-саяси процестерге белсенді қатысуы елдің тұрақты дамуы мен демократиялық құндылықтарының нығаюына негіз болады.
Қазақстанда соңғы жылдары саяси жаңғыру бағытында маңызды өзгерістер жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде жалпыхалықтық референдумның тарихи маңызы ерекше. Референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен қоғамның рөлін күшейтуге бағытталған жаңа кезең басталды.
Конституциялық өзгерістер қоғамның пікірін ескеру тетіктерін кеңейтіп, ел дамуына әрбір азаматтың қатысу мүмкіндігін арттырды. Бұл өз кезегінде сайлау мәдениетін дамытуға және халықтың саяси жауапкершілігін нығайтуға ықпал етуде.
Сайлау мәдениеті – тек дауыс беру күні ғана емес, бұл азаматтың құқықтық сауаттылығы, қоғамдық пікірге құрметі және мемлекет тағдырына деген жауапкершілік көзқарасы. Сондықтан халық арасында сайлау институтына деген сенімді арттыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.
Алдымызда өтетін құрылтай сайлауы да қоғам үшін маңызды қоғамдық-саяси оқиға болмақ. Бұл – елдің дамуына қатысты бастамаларды қолдау, қоғамдық келісімді нығайту және азаматтардың белсенді ұстанымын көрсетудің маңызды алаңы.
Шу аудандық сайлау комиссиясы алдағы уақытта да сайлау заңнамасын түсіндіру, азаматтардың сайлау құқығын іске асыруына жағдай жасау және ашық әрі әділ сайлау мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береді.
Әр азаматтың таңдауы – ел болашағына қосылған үлес. Сондықтан қоғамдағы саяси мәдениетті дамыту мен азаматтық жауапкершілікті арттыру – баршамызға ортақ міндет.
Ержан Вахитов,
Шу аудандық сайлау комиссиясының төрағасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.