Ақпараттық портал

Учаскелік сайлау комиссияларына бағытталған оқыту-семинары өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы тағайындалуына орай, 2026 жылғы 5 тамызда Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Шу аудандық мәдениет үйінде учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинары өткізілді.
Оқыту-семинарға Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, Шу ауданы әкімдігі аппаратының өкілдері, аумақтық сайлау комиссиясы жанынан құрылған «Жас сайлаушылар» клубының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Оқыту-семинардың мақсаты – учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби құзыреттерін арттыру, сайлауды ұйымдастыру және өткізу барысында сайлау заңнамасын дұрыс әрі тиімді қолдану, сайлау процесіне қатысушылармен өзара іс-қимылды жетілдіру, сондай-ақ заманауи электоралдық тәжірибелер мен практикалық кейстер негізінде олардың кәсіби дағдыларын дамыту.
Оқыту-семинарын Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы ашып, қатысушыларды семинардың бағдарламасымен таныстырды.
Семинар бағдарламасына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері «Сайлаушылар тізімі және онымен жұмыс жүргізу тәртібі», «Дауыс беру уақыты мен орны туралы хабарлау және шақыру қағаздарының есебін қалыптастыру», «Сайлау бюллетеньдерімен жұмыс, байқаушылар, сенім білдірілген адамдар және бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтары», «Дауыс беруді ұйымдастыру», «Дауыс беру қорытындыларын анықтау және сайлау құжаттарымен жұмыс» тақырыптары бойынша дәрістер оқып, тәжірибелік түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Оқыту барысында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері дәріскерлерге сайлау науқанында туындауы мүмкін түрлі жағдайлар бойынша сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды. Сонымен қатар, қатысушылармен практикалық кейстік тапсырмалар талқыланып, сайлау процесінде кездесетін нақты жағдаяттарды шешу жолдары қарастырылды.
Семинар аясында Kahoot платформасы арқылы телешоу форматындағы интеллектуалдық викторина ұйымдастырылып, комиссия мүшелерінің білім деңгейі интерактивті тестілеу арқылы бағаланды.
Оқыту қорытындысы бойынша қатысушылардан семинар тақырыптары негізінде қорытынды тест алынып, оқу барысында игерген білімдері мен дағдыларын бекіту мақсатында сертификаттар табыс етілді.

Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.