ЕСкЕРТУ!
Адамдар көп шоғырланатын орындарда (БТУ объектілерінде) өрт қауіпсіздігін сақтау – өмір мен денсаулықты қорғаудың басты кепілі. Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Қауіпсіздік шаралары:
• Электр сымдары мен құралдарын тексеру;
• Өрт сөндіргіштердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
• Эвакуация жолдарын бөгемеу;
• Қызметкерлер мен қонақтарды өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқамадан өткізу.
Өрт шыққан жағдайда: 101 немесе 112 хабарлау, адамдарды эвакуациялау, электр мен газды ажырату және дүрбелеңге берілмеу. Өрт қауіпсіздігі – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі.
Ш.Ишанбеков,
Шу ауданы ТЖБ аға анықтаушысы
азаматтық қорғау аға лейтенанты.
* * *
Балалар ойын-сауық орындарындағы өрт қауіпсіздігі
Балалар ойын-сауық орындарында өрт қауіпсіздігі – басты назарда. Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі ата-аналар мен нысан басшыларын балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.
Қауіпсіздік шаралары:
• Ойын алаңдарында өрт сөндіргіштер мен қауіпсіздік құралдарының болуы;
• Электр және жылыту құрылғыларының ақаусыздығын тексеру;
• Балаларды қараусыз қалдырмау;
• Эвакуациялық жолдар мен шығу есіктерін бөгемеу;
• Қауіп туындаған жағдайда тез әрі сабырлы әрекет ету.
Шу ауданы ТЖБ тұрғындарды балалар ойын-сауық орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Балалардың өмірі мен денсаулығы – әрбіріміздің жауапкершілігіміз.
Б.Бегалиев,
Шу ауданы ТЖБ бас маманы
азаматтық қорғау майоры.